Демократияныңда басты құндылығы — заң мен тәртіп

b5110159-57e3-405a-9725-21b32d90d524.jpg

    Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңесте «Заң және Тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін атап өткен болатын. 

Президент: «Әділетті  Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Бұл туралы Президент тағы да еске салды. 

Президент биылғы Жолдауының тоғызыншы бағытында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын жан-жақты бекіту қажеттігін атап өткен еді. Міне, осы атап өткен бағыт бойынша мемлекетімізде көптеген тиісті шаралар жасалып келе жатқаны білгілі. 

Ел Президентінің пікірінше, заң мен тәртіп идеологиясы мемлекеттік жүйенің, бизнестің және әрбір қазақстандықтың күнделікті өмірінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаты болуға тиіс. Мемлекет басшысы қоғамды заң үстемдігі идеясы төңірегінде шоғырландыру ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және Қазақстанның стратегиялық даму міндеттерін табысты іске асырудың негізгі факторы болатынына сенім білдірді. 

Халық қаhарманы, жазушы, ойшыл Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» - деген. Кез келген елдің бүгіні мен ертеңі дамудың басты жетістігіне  тұрақтылық арқылы жете алады. Ал ел саяси, экономикалық, мәдени игіліктерге қол жеткізу үшін оның тұрақтылығына заңға негізделген тәртіп кепіл бола алады. Демократияныңда басты құндылығы — заң мен тәртіп.


           Қоғамдық пікір көшбасшысы Ж.Алимбаева


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Oxford Economics 2025 рейтингінде Астана Азия құрлығында 36-орын алғанына назар ауд
  • Глава государства сообщил, что в рейтинге Oxford Economics 2025 Астана заняла 36 место в Азии
  • Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар
  • Касым-Жомарт Токаев отметил, что по итогам 2025 года ожидается увеличение объема ВРП Астаны до 34 мл
  • Алматы облысында экологиялық бақылау және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде