Жолдауға-қолдау

3f23a2c0-42bc-4e5b-aa48-643eadb8d741.jpg

    Биылғы Жолдау да Президенттің бұған дейінгі Жолдауларынан және сайлауалды бағдарламасынан бастау алған реформаларды одан әрі дамытуға арналып отыр. 

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағыт айқындалды. Олардың қатарында ақша-несие және салық саясаты арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сияқты маңызды тақырыптар көтерілген. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» - атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың тұрақтылығын және еліміздің дәйекті дамуын қамтамасыз ету жолындағы стратегиялық басымдықтарды айқындап берді. Сондай-ақ бас құжатта заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге және саяси жүйенің тиімділігін арттыруға арналған маңызды міндеттер де нақтыланып, белгіленді. 

Жалпы, Мемлекет басшысы өз Жолдауында белгілеп берген басымдықтарды сапалы әрі дер кезінде жүзеге асыру әділетті Қазақ-станның тұрақты экономикалық дамуына және тәуелсіз еліміздің тұғырын нығайтуға тың серпін береді. 


                Қоғамдық пікір көшбасшысы  Г.Зикирова


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды
  • «Ақ бидай – 2025» ауыл спорты ойындары салтанатты түрде ашылды
  • «Ақ бидай – 2025» сельские спортивные игры торжественно открылись
  • «Әскер: өмірді өзгертетін бір жыл»
  • Армия сегодня: служба глазами солдата