Табиғатты аялау іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр.

   b89d0afb-8ee4-4574-809d-a73bd7c70902.jpgfcb0b4b1-ea35-4834-b543-9c6c7c61377f.jpg

     Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы сәуір айынан бастау алып, аталған бағдарлама аясында ауданымызда күнделікті табиғатты аялау іс-шаралары жүзеге асырылып жүр. 

 Бұл игі бастама экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімім мол. 

Аудан тұрғындарының қоршаған ортаға құрметпен, айналадағы табиғатқа жауапкершілікпен қарауы жастарға, ұрпағымызға үлгі-өнеге.  

Себебі, адам – табиғаттың төл перзенті. «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтатын табиғаттың тілі жоқ» - деп бекер айтылмаса керек. 

Суын ішіп, ауасын жұтып, топырағын басып жүрген туған ауылымызды аялап, қадірлеу әрқайсымыздың қастерлі борышымыз.  

Өз денсаулығымыз мықты болсын десек, қоршаған ортаның тазалығына назар аударайық. 

Аудан тұрғындары осы бағдарламаға атсалысып, қолдау көрсетіп жүр. 


                                                                                                                                 Қоғамдық пікір көшбасшысы Ф.Жылгелдиев


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Наши священные символы – это яркое воплощение ценностей нашего народа»
  • «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі»
  • «Уважение к государственным символам – это высшее мерило патриотического духа»
  • Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді
  • Правительство внесет поправки в постановление, регулирующее использование государственной символики