«Анамның тілі – ардақтым менің»

«Анамның тілі – ардақтым менің»

1419853353_www.mxs_.kz-999-900x_.jpg

Қымбат маған Ана тілім, бал

                                          тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар

                                         тілім,

Ақ сүтімен бірге сіңген

                                     бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар

                                алтыным.

Ана тілін жырлап өткен

                                талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен

                                   Абайлар.

Қасиетті менің Ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай

                                            бар.

Адамдар дүние есігін ашқаннан бері қоршаған ортаға әсер ету үшін, қоғам мен  табиғаттың даму заңдылықтарын зер сала зерттеп тынымсыз тануда. Тілдің адамдардың өзара қатынас құралы екендігі әр халықтың сөйлейтін өзіне тән төл тілі болатыны анық. Мәдениет пен тіл тек белгілі  бір ортада ғана өркен жайып көсегесін көгерте алады. Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса,  ана тілі тағдырына  енжарлықта – адамгершілікке жатпайтын өрескелдік. Елінің тәуелсіздігін ойлайтын  адам тілінің кемелденуіне де қолғабысын аямауға тиіс. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел-жұртымыздың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Өзіңді-өзің жақсы білмесең басқаның жақсы-жаманын салыстыра да  білмейсін. Біз қазір тәуелсіздігімізді алдық еркіміз өзімізде, жер өзімізде, байлық өзімізде. Қазақ халқы ғасырлар бойы өз ұрпағын халықтың бай қазынасы, бай тілі, ауыз-әдебиеті мен сал-дәстүрлер арқылы тәрбиелеп азамат еткені бізге белгілі.

Ұлы ақын Абай  «туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңімен жер қойнына кірер денең, өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен, ойласаңшы бос қақпай елең-селең» - деп өмірдегі өлеңнің алар орнын терең топшылаған. Иә, қазақ тілі анамның тілі ана сүтімен менің қан тамырыма жайылған менің тілім. Ана сүті бойымды өсіреді, ана тілі ойыңды өсіреді дейді тіл құрал, ол ойды жеткізудің құралы. Тіл даму үшін әуелі ой дамуы керек. Тілді дамуты мәселесі бесіктен басталатыны сөзсіз. Тіл өмірге араласып заманға тірі күйінде қызмет ету үшін ең әуелі тілдің өшпейтін өмірі болу керек. Біз қандай дүние жасасақ та тілдің қолданылатын ортасы өмір қорғаны қоғам, ендеше қазақ тілі мемлекет тілі ол өз топырағында қағажу көрмей ауыз ашқан сөзге, қия басқан қимылға емін-еркін араласатын ең ергезек, ең ұрымтал тіл болуы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік тіл екендігін ішке де, сыртқа да мойындатып еркін самғайды. Осыны іске асыруды бүгінгі қазақша оқып жүрген біз намысы бар қазақ ойлауымыз керек және еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне өмір сүріп отырған отан тілін үйретуіміз керек. Кім қайда отырсада ең алдымен адам, ендеше «адамға екі нәрсе тірек бірі-тіл, бірі-білім жүректегі»,- деп Жүсіп Баласұғын айтқандай, анамның тілі-ардақты тілімізді қастерлеу-тек қазақтар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын азамат атауының міндеті. Халықтың сақталуы тіліне байланысты.


Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз ана тіліміз қазақ тілі, сондықтан әр адам өз ана тілін қадірлеуге міндетті. Ана тілім сен үшін күрес, болашақ ұрпақ үшін, халық үшін күрес дегім келеді.


Әсем Айдарбекова, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр