Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы 5000-нан астам адам екпе алды

image.png

Көктем-жаз мезгілінде кеміргіштер, кенелер және жануарлардың белсенділігі артып, аса қауіпті жұқпалы инфекциялардың таралу қаупі күшейеді. Бұл туралы  Алматы облысы санитарлық-эпидемологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында айтты. 

Аса қауіпті инфекциялар – эпидемиялық тұрғыдан жоғары қауіп төндіретін аурулар тобы. Олардың қатарына сібір жарасы, құтыру, туляремия, оба, кене энцефалиті және басқа да жұқпалар жатады. Бұл аурулар дер кезінде алдын алынбаса, ауыр асқынуларға және өлімге әкелуі мүмкін.

Сібір жарасы – аса қауіпті инфекциялардың бірі. Оның қоздырғышы топырақта ондаған жылдар бойы сақтала алады. 

«Облыс аумағында 87 стационарлық қолайсыз пункт және 99 топырақтық ошақ бар. 2025 жылы 92,5 млн теңге бөлініп, 70 сібір жарасы қорымы жаңартылды. Соңғы жағдай 2024 жылы Ұйғыр ауданында тіркеліп, 14 адам зардап шеккен»,-дейді Марат Исмаилов. 

Ауру көбінесе ауру малмен байланыс кезінде, сондай-ақ жеткілікті термиялық өңделмеген ет өнімдерін тұтыну арқылы жұғады. 2025 жылы 1000-нан астам адам вакцинациядан өтті, ал 1140 топырақ сынамасы зерттеліп, нәтижелері теріс болды.

Құтыру – жүйке жүйесін зақымдайтын өлімге әкелетін вирустық ауру. Жыл сайын облыста 4 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінеді. Оның 85%-ы иттен, 10%-ы мысықтан, 3%-ы кеміргіштерден жұғады. Зардап шеккендердің 50%-ы – балалар. 2025 жылы 28 480 қаңғыбас жануар ауланып, 158 жануар иесі жауапкершілікке тартылды. Құтырудың алдын алуда үй жануарларын уақытылы вакцинациялау және жануар тістеген жағдайда дереу дәрігерге қаралу аса маңызды.

«Туляремия бойынша соңғы 10 жылда ауру тіркелмегенімен, облыстың 24 елді мекенінде табиғи ошақтар сақталған. 2025 жылы жүргізілген зерттеулерде 5600 кененің және 514 сыртқы орта сынамасының 68-і (1,1%) оң нәтиже көрсеткен. Бұл табиғи ошақтардың белсенді екенін дәлелдейді. Сол себепті тәуекел топтарына жататын адамдарға вакцинация жүргізіліп, жалпы 1814 адам қамтылды»,-деп атап өтті Марат Әділжанұлы.

Оба – сирек кездесетін, бірақ өлім-жітімі жоғары инфекция. Оның табиғи ошақтары бірнеше аудандарда орналасқан. 2025 жылы Балқаш ауданында кеміргіштер арасында 5 жағдай және 1 жұқтырылған бүрге анықталды. Қауіптің алдын алу мақсатында 1896 адам вакцинацияланды және арнайы залалсыздандыру шаралары жүргізілді.

Спикердің айтуынша, кене энцефалиті көктем-жаз айларында жиі кездеседі. Кенелер сәуірден қарашаға дейін белсенді болып, 20-дан астам инфекцияны тасымалдай алады. Өткен жылы 2000-нан астам адам кене шағуына байланысты медициналық көмекке жүгінді, олардың 57%-ы – балалар. 4 жағдай тіркеліп, 1 адам қайтыс болды. Қауіп топтарынан 5000-нан астам адам вакцинацияланды.

Аталған инфекциялардың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет: ет өнімдерін тек ресми орындардан сатып алу, толық пісіру, жануарлармен абай болу, кенеден қорғану, жеке гигиенаны сақтау және уақытылы вакцинациядан өту.

Аса қауіпті инфекциялар немқұрайлылықты кешірмейді. Дегенмен, сақтық шараларын сақтау арқылы олардың алдын алуға болады. Бүгінгі жауапкершілік – ертеңгі қауіпсіз өмірдің кепілі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада
  • Алматы облысында кене энцефалитіне қарсы 5000-нан астам адам екпе алды
  • Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «T