Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады

image.png

Қазақстан Республикасында 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау тәртібіне өзгерістер енгізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.  Бұл жайында Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақмарал Атенбекова баспасөз мәслихаты барысында айтты. 

Енді құжат қабылдау жыл сайын 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Өңірлік ерекшеліктерге сәйкес, Алматы облысында қабылдау мерзімі 18 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

«Бұл өзгерістер құжат қабылдау процесін тиімді әрі сапалы ұйымдастыруға, сондай-ақ оқу процесіне кедергі келтірмеуге бағытталған. Құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе тікелей білім беру ұйымдарына қағаз түрінде тапсырылады»,-деді Ақмарал Бақытқызы. 

Айта кетейік, мектепалды даярлықтан өткен және сол білім беру ұйымында оқуды жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа бірден  қабылданады. Ал баланы басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы белгіленген тәртіп бойынша тапсырады.

1-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер жазбаша өтініш береді. Сонымен қатар баланың туу туралы куәлігі, өтініш берушінің жеке куәлігі ұсынылады. Міндетті түрде медициналық құжаттар — №065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және №052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорты» тапсырылады. Бұған қоса баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті қажет. Медициналық анықтамалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы талаптарына сәйкес рәсімделеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025–2026 оқу жылында 34 977 бала 1-сыныпқа қабылданған. Алдын ала болжам бойынша, 2026–2027 оқу жылында Алматы облысында шамамен 35 мың баланы 1-сыныпқа қабылдау жоспарланып отыр. Қабылдау науқанының тұрақты және тиімді ұйымдастырылуы үшін тиісті шаралар қолға алынған.

Жалпы, енгізілген өзгерістер ата-аналарға құжаттарды уақытылы әрі ыңғайлы тапсыруға мүмкіндік беріп, білім беру жүйесіндегі ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіруге бағытталған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр
  • Две недели до голосования: как проходит предвыборная кампания в Казахстане
  • Региональный избиратель неоднороден: эксперт о новой логике партийных кампаний
  • Өңірлік сайлаушының талғамы әркелкі: сарапшы партиялық науқандардың жаңа логикасы туралы
  • ИИ становится новой реальностью избирательных кампаний – эксперт