Достығымыз жарасқан!

Ахмет Басшыбай, аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі.  

Бірлігі берік ел озады!

Достығымыз жарасқан!

1568973846_1551414301.jpeg

Атыраудан Алтайға, Арқадан Алатауға  дейін көсіліп жатқан, Тәуелсіз Қазақстан жеріндегі, бір шаңырақ астындағы «бір ел- бір тағдыр» ұстанымын ұран еткен, бір ананың баласындай, бір қолдың саласындай, жүзі басқа болғанымен- жүрегі бір, тілі басқа болғанымен- тілегі бір, көпұлтты қазақстандықтардың ынтымағы мен достастығы, мызғымас бірлігі тәуелсіз еліміздің тұғырын биіктете түсуде. Азат еліміз, әлем таныған жаңа Қазақстанның тәуелсіздік белесіндегі өсіп-өрлеу, өркендеу, көркейіп, гүлдену жолындағы тарихи жетістіктері мен Елбасымен бірге ел қуатын еселеудегі ерен еңбектері мен игілікті істерінің жеңісі мен жемісінің ортақ мұрагері, Қазақстан халқының тұрақтылығы мен татулығы кемел келешегіміздің кепіліне айналды. 

Мемлекет болып қалыптасып, ұлт болып ұйысып, әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылып, жасампаз жаңа дәуірге қадам басқан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетіміздің Ата Заңының аясында бейбітшілік салтанат құрып, достастығы жарасқан, дәуірдің ұрпақтары екендігімізді әрқашан мақтан етеміз!

130 ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі бесігі, бақыт ордасына айналған Қазақстан халқының арман, мұрат- мүддесі, мақсаты мен тілегі бір. Ол- еліміздің амандығы, заманымыздың ты-ныштығы, ел іргесінің бүтіндігі. 

Біздің Балқаш өңірі де Кеңес дәуірінде көпұлтты аймақтың бірі болған. Халқымыздың өзге ұлт өкілдерімен толығуы  1930 жылдары Қиыр Шығыстан корей диаспорасының көшіп келіп, 1938 жылы Құйған ауылына тұрақты қоныстануымен тікелей байланысты болды. Сондай-ақ, аудан орталығы Бақанас ауылында және Аралтөбе елдімекеніне орыс, неміс халқының, Бірлік, Бақбақты ауылдарында өзге ұлт өкілдерінен, деншілігі корей халық өкілдері тұрақтанды. Дос құшағын айқара ашып, қарсы алған байтақ  Балқаш елінің, қыдыр дарып, құт қонған қасиетті жерінің, тусырап жатқан тың даласын игерудегі және балық аулау кәсібін өркендетудегі баршаның ортақ игілікті істеріне тоқсанның төріне озған, тарлан тарих куә. Біз сол қазақ жұртымен бірге өзге ұлт өкілдерінің бірге өсіп, біте қайнасқан берекелі бірлігін, тынысты  тірлігін көріп өстік.

Осындай көпұлтты Қазақстан халқының тұрақтылық, татулық, келісім, достастық- бірлігін ұлықтап, әр халықтың ұлттық құндылықтары, мәдениетін, өр-кениетін, руханиятын өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеп, құрметтеуді үйрету- әркімнің ортақ міндеті. Осы орайда аудандық тарихи-өлкетану му-зейінде жыл сайын 1-мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, «Әлем таныған Қазақстан», «Бір ел- бір тағдыр» атты апталық көрмелер ұйымдастырылып, «Достығымыз жарасқан!», «Отаным- бақыт ордасы!» тақырыптарында мереке-лік-танымдық шаралар өткізіліп келеді.

Бұл орайда айтарым, ұлт пен ұлыстардың достығы мәңгілікке жарасым таба берсін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр