Жолдауға-қолдау

Жолдауға-қолдау

Жарқын Беріков, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары: «Азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік.Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.   Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болу, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды.   

Дәрігерлерге, шын жүректен алғыс айта отырып, сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Бұл Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі деп санаймын деп нақтылады. Пандемия барлық мемлекеттер үшін сынақ кезеңіне айналды. Олар індетпен күрес жолында көп қиындықты бастан өткеруде. Бір жерде ахуал тұрақтанса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болуда. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді.

Ең бастысы-біз азаматтардан ешнәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл-кейбір мемлекеттерге қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы.   

Алайда, ахуалдың жақсаруы  босаңсуға себеп болмауға тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. 

Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді, бірақ отандық фармацевтика саласын аяғынан тік тұрғызу керек. Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл-ұлттық қауіпсіздік мәселесі» деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Осы жолдауға байланысты ауданымызда да денсаулық саласында бірыңғай оң нәтижелер болады деп сендіремін.                

 * * *

 Күмісбек ЕРБАЕВ, аудандық мәслихаттың депутаты, «Балқаш өңірі» газетінің директор-бас редакторы:  Өткен аптада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа өзінің кезекті Жолдауын жариялады. 

Президентіміздің Жолдауын тындай отырып, еліміздегі бүгінгі таңдағы түйткілді мәселелердің орынды қозғалып отырғанына көзім жетті. 

Әсіресе, ауыл шаруашылық саласы... Ауданымыз ауыл шаруашылық саласымен түбегейлі айналысқандықтан Жолдауда қамтылған дүниелер біздің шаруалардың оң жамбасына келетін сынды. 

Президентіміз өз сөзінде: «Ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін арзан несиенің болмауы, кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті артырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шараларды қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өндеу үшін жеті ірі экожүйе қалыптастыруға болады.  Балық шаруашылығына да ерекше мән берген жөн». 

Жолдауда айтылған жоғарыдағы мәселелер дер кезінде көтеріліп отыр деп білемін. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ұзақ мерзімге берілетін несиенің қажеттілігі күн санап шын мәнінде артып отыр. Сондай-ақ, аталмыш салаға қажетті кәсіби мамандардың да жоқтығы жасырын емес. Тек шикізат күйінде ғана  сатпай оны өндеу ісі де қажеттіліктен туындайтын нәрсе. Ауданымыздың жері шұрайлы. Тек ерінбей еңбек етіп, маңдай терді төксе жеміс-жидек пен көкөністің және дақылдардың түр-түрін өсіруге болады.  Төрт түлік түрін көбейтіп, етті және сүтті бағыттағы малдарды асылдандыруға ерекше көңіл бөлген абзал. Сол кезде ғана Жолдауда қамтылған дүниелерге қол жеткізуге болады. Оған мысалды алыстан іздеудің керегі жоқ. Аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы саласымен айналысып жатқан шаруашылықтардың жемісті де жеңісті нәтижелері бұл сөзімізге дәлел бола алады. Аудан көлемінде жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін сақтайтын қоймалар да баршылық. Ал көлік инфрақұрылымын дамытуда өзге шаруашылықтарға үлгі болатын ірі шаруашылықтарымыздың саны жыл санап артып келеді. Балық шаруашылығы да жақсы қарқынмен дамып, ауданның абыройын асқақтатуда. Осындай мәселелерге орай алдағы уақытта Президентіміз айтқандай жеті ірі экожүйе қалыптасса әрине нұр үстіне нұр болар еді.

Бұл Жолдау менің көңілімнен шықты. Өйткені Жолдауда халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелер қамтылған. Сондықтанда Жолдау-өзектілігімен құнды.    


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр