ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан жұртшылығы да зор ықыласпен тыңдап, жылы қабылдап, бір-ауыздан қолдау көрсетуде.
Ел Президентінің халыққа арнаған Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыру мақсатында, өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Тоқпейісов Ғалым Қасымұлының басшылығымен актив жиыны өткізілді.
Келелі жиынға аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, мекеме, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен саяси партия өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы, «Жолдауда Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында белгіленген ұсыныстар мен бастамалары жалғасын тауып, қоғамның дамуы үшін алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар көрсетіледі. Ендігі біздің міндет-Президентіміз алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру» деп Жолдаудан туындаған негізгі мәселелер мен басым бағыттар жайында кеңінен түсіндіріп, өз ойын ортаға салып, аудан активін Мемлекет басшысының Жолдауына бірауыздан қолдау көрсетуге шақырды.
Мұнан кейінде сөз кезегін алған аудандық Қоғамдық кең-естің төрағасы Бақытбек Рахымбаев, аудандық Орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жарқын Беріков және аудандық ішкі істер бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұргелді Абиров күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша баяндамаларын жасап, Жолдауға қолдау білдірді.
Аудан активі бас қосқан келелі жиынды қорытындылаған аудан әкімі Мемлекет басшы-сының халыққа арнаған Жолдауында айтылған ойлар мен көтерілген бастамалар әрбір қазақстандықтардың жүрегіне жетеді деп сенемін. Сондықтан осы Жолдауда көрсетілген бастамалар мен жоспарларды, қойылған талаптарды іске асыру, туындайтын міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға иделогиялық тұрғыда қолдау көрсету, халыққа кеңінен насихаттап түсіндіру біздің басты міндетіміз деп аудан активін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
Барша қазақстандықтардың алдында тұрған ауқымды әрі күрделі міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының Жолдауына бір ауыздан қолдау көрсетіп, әлемде болып жатқан қиындықтарды жеңуге бірлесе жұмыс атқарайық дегім келеді.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,
«Балқаш өңірі».