Ақдала алқабының коллекторлы-кәріздеу сулары-Балқаш ауданының шөлейт аймағындағы күріш алқаптарында

Дала төсінен

Ақдала алқабының коллекторлы-кәріздеу сулары-Балқаш ауданының шөлейт аймағындағы күріш алқаптарында суарудың маңызды қоры

 Балқаш ауданының ауылдық қоғамдастықтарының проблемасы - суару суының жетіспеуі, суару және кәріздеу желісі жұмысының тиімділігінің  жеткіліксіздігі, топырақтың қайта сортаңдануы, суармалы жерлердің тозуы болып табылады. 

Нәтижесінде жергілікті қоғамдастық табысын жоғалтады, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлайды.

Сонымен қатар таяудағы жылдарға арналған болжамдар-Қытай Халық Республикасымен тұтынылатын судың артуы және Ақдала алқабында күріш өсіру барысында  судың көп тұтынылуының себептерінен  Іле-Балқаш ауданында қалыптасқан жағдайдың шиеленісуін көрсетеді.

Ауылдық округ деңгейінде суды үнемдеу және су ресурстарын тиімді басқару, алқап деңгейінде су өнімділігін  жақсарту бойынша  әзірленген және іске асырылатын бағдарламалар мен жобалар -  өзінің идеологиясы мен мазмұны бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауылдық өндірістік кооперативтердің мүдделеріне барынша жақын. 

Бұл маңызды бағыт бойынша тәжірибелік жұмыстар мен зерттеулер Қазақстан Республикасындағы Жаһандық Экологиялық Қордың шағын гранттар бағдарламасымен қаржыландырылатын және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арқылы іске асырылатын «Қазақстан Агросоюзі» «Алматы облысы Балқаш ауданының шөлейтті аймағында кәріздеу-жіберу суларын қайта пайдалану есебінен тозған суармалы жерлерді қалпына келтіру» республикалық қауымдастығы жобасының шеңберінде жүргізіледі.

Осы жоба инновациялық су үнемдеу технологияларын әзірлеу мен енгізудің, сонымен қатар  Ақдала алқабының суармалы жерлеріндегі су-жер ресурстарын тиімді басқарудың жалғасы болып табылады, ол жердің өнімділігін арттыру арқылы өз шаруашылығын тиімді жүргізудің проблемалары мен мүдделеріне жауап береді және ауыл халқының әлеуметтік деңгейін жақсартуға ықпал етеді. 

Кәріздеу жіберу суларын қайта пайдаланудың инновациялық су үнемдеу технологиясын енгізу - өзекті міндет әрі үлкен экономикалық, әлеуметтік және экологиялық маңызға ие.

Жүргізілген далалық және эксперименттік зерттеулер негізінде Іле өзеніндегі су ағысының алдағы төмендеуінің күтілуіне байланысты коллектор-лық-кәріздеу суларын пайдалану бойынша перспективалы учаскелерді алдағы уақытта  негіздеу үшін бастапқы сенімді деректер базасы дайындалды.

Мұнда жұмыстардың едәуір көлемі Қазақстан Республикасындағы Жаһандық Экологиялық Қордың шағын гранттар бағдарламасы арқылы жобаға бөлінген және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арқылы іске асырылатын қаржы құралдары есебінен сатып алынған қазіргі заманғы аналогты және электрондық өлшеу экспресс құралдарын пайдалана отырып орындалды.

Күріш алқаптарын суару үшін кәріздеу-жіберу суларын  қайта пайдалану технологиясын игеру барысында  жергілікті ауылдық қоғамдастықтардың бенефициарлары мен тренингке қатысушылардың кәсі-би дайындығының қажетті дең-гейіне қол жеткізу  үшін мау-сым айында қазіргі заманғы аналогты және электрондық өлшеу экспресс құралдарын пайдалана отырып, «Егістік күні» форматында оқыту тренингі ұйымдастырылды және өткізілді.

«Ақмаржан – Б» АТК «Марат» шаруа қожалығымен көр-сету полигоны ретінде ұсы-нылған  суармалы учаскеде КО-15 тақталық суландырғышы  және К-22-3-1 су жіберуші коллекторы бар ІІІ-ші егіс айналым алқабының 4 алаңында, 15 картада далалық жағдайларда суару, коллекторлық-кәріздеу сулары  мен топырақтың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштерін, олардың қазіргі заманғы аналогтық және электрондық өлшеу экспресс аспаптарын пайдалана отырып, су пайдаланудың айналым жүйесі жағдайында суармалы егістіктің өнімділігіне әсерін анықтау көрсетілді және жүргізілді.

Алқапта «Егістік күніне» қатысқан фермерлердің көп-шілігі портативті электронды және аналогты құрылғыларды – топырақтың РН,  ылғалдылығын, температурасы мен жарықтығын электронды өлшегіш - PH300 және топырақтың ылғалдылығын,  РН деңгейі мен жарықтануын өлшегіш, сондай – ақ судың жалпы минералдануының мөлшерін анықтайтын СОМ-80 кондуктометрін қолданудың тәжірибелік дағдыларын игерді.

2020 жылдың 13 тамызында жергілікті қоғамдастық мүшелері, Алматы облысы Балқаш ауданының аудандық әкімдігі мен ауылдық округтерінің өкілдері үшін бүгінгі күні Қазақстанның суармалы күріш жүйелерінде теңдесі жоқ бірегей сорғы қондырғысын көрсету арқылы соңғы оқыту семинар - тренингі ұйымдастырылып  өткізілді. 

Егістік күні форматында қызықты және назар аударуға тұрарлық арзан, мультипликаторы бар үнемді сорғы көрсетілді, бұл трактордың қуат алу білігінен алынған айналымдар санын көбейтуге және шығуда секундына 300 және одан да көп литрге дейін шығыс алуға мүмкіндік береді.

Мобильділік-трактордың үш нүктелі аспасымен тасымалданады, трактор сорғыға жақындайды, 5-10 минут ішінде сорғы ілінеді, ҚАБ қосылады және сорғы жұмысқа кіріседі. Қозғалтқыш пен арбаның болмауына байланысты салмағы мен өлшемдері аз.

Қарапайымдылығына байланысты сенімділігі жоғары,  мото-помпаларға қарағанда сенімділігі жоғары болып табылады. Тиімді баға-ұқсас сипаттамалары бар дизель мотопомпасынан 4-5 есе төмен. Мысалы, өнімділігі 250 м3 және қысымы 11 атмосфералық ҚАБ сорғысы: 1200 м.теңгеден, ал ұқсас сипаттамалары бар мотопомпа- 4800 м.теңгеден басталады.

Сонымен қатар осы түрдегі сорғы МТЗ, ЮМЗ, ХТЗ, Deutz-Fahr, John Deere, Case IH, Massey Ferguson, New Holland (АҚШ), Fendt, Claas (Германия) және т. б. сияқты отандық және импорттық өндірістің тракторларына агрегатталады.

Осылайша, іске асырудың соңғы кезеңінде жоба су аз жағдайларда коллекторлық – кәріздеу суларын, сондай-ақ жер бедерінің төмен учаскелерінде пайда болатын шағын су қоймаларын пайдаланудың кез-келген мүмкіндіктерін қолдана отырып, су пайдаланудың шағын айналым жүйелерін құрудың рөлі артатындығын  дәлелмен  көрнекі түрде көрсетті.

Ұсынылған мобильді, маневрлік, құрылыс және жоспарлау жұмыстарын қажет етпейтін сорғы қондырғысы суармалы судағы тапшылықты толықтырудың шұғыл сәттері үшін айтарлықтай мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие.

Жабдық пен ұсынылған технология суды пайдаланудың айналым жүйелерін құру үшін ғана емес, сонымен қатар суару арналарында, әсіресе су аз жылдары командалық су жиектерін құрудың негізгі құралы бола алады.

Кулагин Виталий Васильевич, «Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ лекторы, Сағындықов Алик Сабырбекович, экономикалық ғылымдар  кандидаты, «Қазақстан Агросоюзі» ауыл шаруашылығы кооператив-терінің республикалық қау-ымдастығының президенті, Үмбеталиев Даурен Балаевич, «Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аймақтық гидрогеологиялық-мелиор-ативтік орталығы» РММ басшысының орынбасары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр