ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ

0cb8aef7-5559-40b1-b3d5-d4838c995424.jpg

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзіне сүйенсек, қоғам тұрақтылығы мен азаматтардың қауіпсіздігі ең алдымен заң мен тәртіптің мызғымас болуына байланысты екеніне бағыт бағдар беріп тұрғанын аңғарамыз.

4c8a6116-762d-4ff3-9fe3-d08612c8dde5.jpg

Заң мен тәртіптің мызғымас болуын жастар арасында насихаттау мақсатында осы аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Данияр Нұрманов аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында жастар қауымы мен «Заң мен тәртіп – жастардың таңдауы» тақырыбында кездесу жиын өткізді.

Аталмыш жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гаухар Аманжолова, аудандық мансап орталығының директоры Айбек Майбек, аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің Ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Айжан Бейбітқызы аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Марал Ғапарбергенқыз қатысты.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Данияр Болатұлы аудан көлемінде жасөспірімдердің құқығын қорғау жөнінде атқарылған іс-шараларға кеңінен тоқталып,  жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын, заң талаптарын сақтамауда және олардың бойындағы жауапкершілікті арттыру, жаман әдеттерден арылу,жол қозғалысы тағы басқа ережелерді қатаң сақтау жөнінде бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Келесі сөз кезегін алған аудандық мансап орталығының директоры Айбек Әлибекұлы мемлекет тарапына жастарға көрсетіліп жатқан қолдауларды атап өтіп, жастардың бос уақыттарын ұтымды пайдалану жөнінде мағұлмат берді.

Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, әкімшілік жауапкершілік, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері мен оның салдары, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіптер, қоғамдық тәртіпті сақтау, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу мәселелері бойынша кеңінен әңгіме өрбітті.

 Шын мәнінде  Заң —   әр азаматтың құқығы мен бостандығының сенімді қорғаны. Кез келген қоғамда әділеттілік орнауы үшін заң үстемдігі барлық деңгейде қамтамасыз етілгені абзал.

Жастармен сұхбаттасқан жиынның пайдасы, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен қоғамдық тәртіптің, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуге бағытталған іс-шара.

                                      Бақтығали ДӘУІТБАЙ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды
  • Алматы облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 18 маусымда басталады
  • Около тысячи человек посетили торжественное открытие Перекрестного года культуры Казахстана и Китая
  • Бейжіңде өткен Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының салтанатты ашылуына мыңға жуық ада