Ильяс АЛИЕВ, дәрігер-хирург:

Ильяс АЛИЕВ, дәрігер-хирург:

Бүгінде 130-дан астам ұлтты ұйыстырып отырған елімізде 1 мамыр мерекесінің мерейі үстем. Бұл күн-бір шаңырақ астында бақытты өмір кешкен халықтарды етене жақындастыра түсетін тағылымды мереке. Халқымызда туған жер-алтын бесік деген сөз бар. Баршамыздың ортақ Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан біздің бірлігіміздің алтын бесігі. Қашанда береке бастауы бірлік болған. Қазақстанның бүгінгі қарыштап дамып отырғаны-еліміздегі жүрегі бір, тілегі орақ түрлі этнос өкілдерінің жарасымды өмір сүруінің арқасы. 

Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге жетелейтін де-біздің ауызбіршілігіміз болып табылады. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артық. Сондықтан біздің ең асыл қазынамыз-елдің ынтымақ, бірлігі. Қазақ халқының ата-бабасы ғасырлар бойы бақытты ел болуға талпынды. Азаттықты аңсап, тәуелсіздікті, теңдікті, елдікті көкседі. Сан жылдық аласапыран шайқас, күрес, қақтығыстардан арылып, татулықтың туы желбіреген бейбіт ел болуды армандады. Соның бәрін артқа тастап, тәуелсіздік таңына талып жеткен қазақ елі бүгінде бейбітшілік бесігінде тербеліп отыр десек артық емес. Бірлік мерекесі құтты болсын, ағайын!


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
  • В Алматинской области прошла информационно-итоговое мероприятие «Таза Қазақстан – жарқын болашақ»
  • Алматы облысында «Таза Қазақстан – жарқын болашақ» ақпараттық-қорытынды шарасы өтті
  • Ключевые фигуры, культурные достижения и символы 2025 года
  • Президент тапсырмасы бойынша Балқаштағы медициналық мекемелерді салуға және жаңғыртуға 7,5 млрд теңг