Владимир КИМ, су басқармасының бастығы:

Владимир КИМ, су басқармасының бастығы:

«Бірлік бар жерде-тірлік бар» дейді қазақ халқы. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айтпаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған мекенге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Мемлекетіміздің басты жетістігі-елімізде тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақ деген ұлы халық әр кезендерде пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлттық мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысайық! Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз-бірлігіміздің берекесін арттыра берсін, халқымыз аман болсын. Бұл мереке ғасырларға ұлассын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Пресс-релиз
  • Баспасөз хабарламасы
  • Стартовал международный прием заявок на Astana AI Film Festival
  • Теперь официально: ИИ-кино теперь можно отправлять на международный фестиваль
  • Алматы облысында ҰБТ-дан 140 балл жинады