Талант ТАЛҒАТҰЛЫ:

Талант ТАЛҒАТҰЛЫ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің бүгінгі мәлімдемесінде айтқандай, бұл індет-барлығымызға да оңай тиіп тұрған жоқ. Десе де осындай қиын-қыстау сәттерде мемлекетіміз бізге қолұшын көптеп созып жатыр. Әсіресе Төтенше жағдай кезінде көрсетілген көмектерге шын жүректен алғысымызды айтамыз. Атам қазақ «Аштықта жеген құйқаның дәмі кетпес» дейді, елімізге індет келгелі бері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан толағай көмектерді біз ешқашан ұмытпаймыз. 

Мен табысынан айырылғандар қатарында 42500 теңгеге қолжеткіздім. Ол қаржы менің жанұяма көп демеу болды. 

Президентіміз бүгінгі мәлімдемесінде табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көмек беру жалғасын табатынын айтты. Мұны естіген біздің төбеміз көкке екі елі жетпей қалды. Қуандық, сүйіндік. 

Ендігі мәселе, осы бір қиын-қыстау күндерде еш сыр бермей, сабырлық сақтасақ болғаны. «Сабыр түбі-сары алтын» дегенді ата-бабаларымыз тегіннен-тегін айтқан жоқ шығар. Сондықтанда дүрбелеңге ермей, керісінше қиын шақта бір-бірімізге қолдау көрсетіп, елдігімізді танытсақ, біз алмайтын қамал болмайды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Топар ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» аясында «Ата Заң және ауыл болашағы» тақырыбында ақпараттық
  • Казахстанцы позитивно оценивают качество своей жизни – результаты соцопроса
  • Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
  • Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
  • Конституцияны құрметтеу - Отанға деген құрметтің көрінісі