Үндеуге үнқосу

Үндеуге үнқосу

Мақсат НҰРМАН, аудандық мәслихат депутаты: 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде өршіп тұрған індетке байланысты өз мәлімдемесін жасады. Президентіміз өз сөзінде елімізді пандемия шеңгелінен құтқару-баршамызға ортақ міндет екенін тағы да шегелеп тұрып айтты. Осы мақсатта төтенше жағдай мерзімін 11 мамырға дейін ұзартатынын мәлімдеді. 

Зер салып қарар болсақ, Президентіміздің сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Бұл шешімі бірауыздан қолдайтын дүние. Өйткені, жұмыр жерді дүр сүлкіндіріп жатқан індетті тек тәртіпке бағынғанда ғана жеңе аламыз. Бұған көзіміз анық жетті. 

Бұл ойнайтын дүние емес, ойланатын жағдай. Сондықтанда төтенше жағдай мерзімі ұзарған сайын індеттің де ауылы бізден  алыстай түспек. Сол үшін үйден шықпай, белгіленген тәртіпті сақтасақ қана індетті міндетті түрде жеңеміз. Тәңіріміз де «Сақтанғанды сақтаймын» демей ме? Осы қанатты сөзді өзімізге темірқазық ретінде ұстанайық дегім келеді. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Топар ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» аясында «Ата Заң және ауыл болашағы» тақырыбында ақпараттық
  • Казахстанцы позитивно оценивают качество своей жизни – результаты соцопроса
  • Қазақстандықтар өмір сапасын оң бағалайды – сауалнама нәтижелері
  • Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады
  • Конституцияны құрметтеу - Отанға деген құрметтің көрінісі