АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

7c26edfc-28ef-4070-84dc-100fa5bc0ded.jpg

15 ақпан Ауған соғысы ардагерлерi үшiн естен кетпес ерекше күн болып саналады. Өйткені енді ғана есейген бозбаланың қолына қару алып,  майдан даласында өмір мен өлімнің арақашықтығын шынайы сезініп, ата-ананың, бауырдың жақындығын, бейбіт күннің қадірін білуге ұғындырды. Ал сол соғыстың аяқталғанына биыл 35 жыл толды.

94b1d430-63a5-400b-84e1-bee05c4654bc.jpg

Ауған  соғысы    ардагерлерінің ерен ерліктерін, Отанға деген  сүйіспеншіліктерін  бүгінгі жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, жастардың еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатындағы Республика көлемінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Игі шараның бірі осы аптаның дүйсенбісі күні «AMANAT» партиясының Балқаш аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Азат Құтпанбетов аудан көлеміндегі Аудан соғыс ардагерлерін арнайы қабылдап, олардың жеке мәселелеріне құлақ түріп, ұрпақ тәрбиесі, өңірдің тыныс-тіршілігі, жастардың бойына рухани, патриоттық тәрбие беру жайында кеңінен әңгіме өрбітті.

Ал 15 ақпан күні аудан орталығына кіреберісте орна-ласқан Д.Қонаев саябағындағы Ұлы тұлға ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.

Мұнан соң Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, естелік суреттерге түсті.

Ескерткіштерге гүл қою рәсімі аяқталғаннан кейін аудандық кітапхананың оқу залында «Ауғанстан ХХ ғасырдың ерлігі мен қасіреті» тақырыбында кездесу кеш өткізілді.

Аталмыш іс-шараның басталу сәтінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу барысында ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, жат жерде жан тапсырған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

Отан үшін майдан даласында оқ пен оттың ішінде жүріп, туған жерлеріне аман-есен оралып, бүгінде ұрпақ тәрбиелеп отырған ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның алғашы құттықтау сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов «1979-1989 жылдар аралығындағы  Ауғанстан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі болды. Бұл соғыста Қазақстаннан 22 мың 269 жауынгер интернационалдық мін-детін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапса, 21 адам хабар-ошарсыз кетті. Ұрыс аяқталады, ал тарих мәңгілік. Ауған соғысы да тарихқа енді.

Осыдан 35 жыл бұрын, яғни 1989 жылдың 15 ақпанында 10 жыл соғысудан кейін КСРО әскері Ауғанстан жерінен шығарылды. Қанды қырғында оққа ұшқан жауынгерлер есімі алтын әріппен тарихқа енді» деп кездесу кешке келіп отырған Ауған соғысы ардагерлеріне отбасында амандық, дендеріне саулық тіледі.

Аудан басшысы өзінің құттықтау тілегінен кейін ауданымыздың ержүрек батырлары Ауған соғыс ардагерлері мен интернатционалист жауынгер Мұқанғали Қожабековқа Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай мерекелік медальдары табысталды. Сонымен қатар Ауған соғыс ардагері Маратбек Әбенұлы мен аудандық Ауған соғысы Ардагерлер ұйымының төрағасы Бақытбек Мейрамбекұлы «AMANAT» партиясының Бал-қаш аудандық филиалының  Алғыс хатымен марапаталды.

Келесі кезекте сөз алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, интернатционалист жауынгер Мұқанғали Қожабеков, аудандық тарихи-өлкетану музейінің өлкетанушысы Зәуреш Демеуқұлова Ауған жеріндегі 10 жылға созылған соғыстың Кеңес Одағына келтірген кесапаттары жайында тарихи әңгімелерді өрбітсе, Ауған соғыс ардагері Мейрамбек Қантбеков өзінің әскери өмірінен естелік айтып, тәрбиелік мәні зор кешті ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп,  жүрекжарды алғысын арнады.

Мәдени шара барысында аудан өнерпаздары Әзілхан Жадыраев, Айбын Батырбаев, Алмабек Садықов және Гүлмира Қасабековалар әннен шашу шашса, Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының және аудандық өнер мектебінің  оқушылары мен оқытушылары да өз өнерлерін тарту етті.

Көпшілікке тарихи тағы-лымға толы әсер сыйлаған кеш соңы аудандық Мәдениет үйінің концерт залында «Қара майор» кино туындысы көрсетілді. 

                                                     Бақтығали ДӘУІТБАЕВ. «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі