«МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛГЕНМІН..!»

6200590f-47cb-45fc-bbbd-27b73ea4958e.jpg

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған мұрасы – Алаштың қазынасы. Солай десек те, жыр перзенті үшін Жетісудың жөні бөлек. Ақынның кіндік қаны Қарасаз топырағына тамды. Өмірдің ұясынан өлеңнің қиясына осы жерден самғады.

 

Мұқағали тынымсыз еңбек етті, ұлы биіктерге ұмтылды. Ұлтының уыздығына жарыды. Талантын біліммен ұштады. Әлем классиктерінен нәр алды. Абай жолын өнеге тұтты. Қамшы сабындай қысқа ғұмырында осының бәріне үлгерді. «Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай» болатын жұмыс бітіріп кетті.      Береке ауылдық Мәдениет үйі мен Ақжар ауылдық клубы және Ақкөл Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен
Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін..!» атты әдеби сазды кеш өтті.

Кеште Береке ауылдық Мәдениет үйінің «Ару би» үйірмесінің биші қыздары мың бұрала би билесе, Ақжар ауылдық клубының «Асыл әжелер» үйірмесінің әжелері Мұқағали Мақатаевтың «Сағыныш» әнін шырқады.
Оқушылар көркемсөз өлең шумақтарын оқыды. Ақкөл ауылдық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жанна Арыстанбекова «Бақыт»  әнін орындады.

Осылайша шара әсерлі өтті.

 

Алмагүл Атиева, Береке ауылдық Мәдениет үйінің директоры.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі