3 қараша күні Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында облыстық білім басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруы-мен “Білім - қымбат қазына” тақырыбында көңілді тапқыр-лар алаңы болып өтті.
Аталмыш мәдени шараға облыс көлеміндегі аудандардан және Қонаев қаласының әзілкеш жастары қатысып, олар сахна төрінде өз өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарды бөлісті.
Әділқазылар шешімінің нәтижесінде аудан намысын қорғаған, жерлестеріміз яғни “Балқия” командасының ойыншылары өнер байқауының І-ші орын иегері атанып, бәрімізді шексіз қуанышқа бө-леді. Ал ІІ-ші орын - Қарасай ауданының “Қарасай жастары” командасына бұйырса, Жамбыл ауданының намысын қорғаған “Алпыстың алтауы” командасы жүлделі ІІІ-ші орында місе тұтты.
Аудандық білім бөлімінің үкілі үмітін ақтап, өнер додасында жеңімпаз атанған команда мүшелерін атап айтар болсақ, олар Ақдала орта мектебінің оқушылары Нұрай Нұрәділ, Ақерке Дидарқызы, Аяжан Наухан, Кәусар Әділқас қатысса, Үлгілі орта мектебінен Алуа Әлімбай мен Мадина Мейрамбекқызы сахна төрінде өздерінің өнерлерін көрсетті.
Аудан намысын қорғаған “Балқия” командасының жеңім-паз атануына себепкер болған аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Нұржігіт Кенжеғали. Ол өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, жас өнер-паздардың сахна төрінде еркін көсілулеріне шынайы шабыт берді.
Марапаттау барысында жүлделі командалар бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар “Білім - қымбат қазына” облыстық көңілді тапқырлар алаңына қатысушыларды дайындап, оқушылардың шығармашылық дамуына қосқан үлесі үшін Ақдала орта мектебінің педагог - ұйымдастырушысы Айгерім Маратқызы Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы директорының мін-детін уақытша атқарушы Балжан Досалының «Алғыс хатымен» марапатталды. Осылайша білім мен өнерді қатар алып жүрген оқушылар көрермендер көзайымы болып, әділқазылар алқасының көңілінен шығып, олардың ыстық ықыласына бөленіп, ауданның мерейін үстем етті.
Бала - біздің болашағымыз. Осындай өнерлі балалардың жан-жақты болып өсіп-жеті-луіне, дамуына жағдай жасайтын көптеген бастамалар елімізде жүргізіліп жатыр.
Балаларды білімді етіп, олардың бойындағы табиғи дарындылықты ашып, ұлттық аспаптарды еркін игерулеріне және ән, би басқа да өнер түрлеріне баулу жас-өспірімдердің болашағына ба-ғыт-бағдар берудің бірден-бір айғағы.
Ендеше болашағынан зор үміт күтіп жүрген балаларға әрдайым қолдау көрсетейік.
Өз тілшімізден.