ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ НАЗАРҒА АЛДЫ

9fad46b9-f2c3-4208-b195-68fc88db324c.jpg


9fad46b9-f2c3-4208-b195-68fc88db324c.jpg

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Қасқарауов Данияр Алдабергенұлы арнайы келіп, ауданның тұрмыс-тіршілігімен жақын танысу мақсатында кездесу жиын өткізді.

  Аталмыш жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров және аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мекеме-ұйым басшылары және қызметкерлері қатысты.

 Жиынды жүргізген  аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Үкітайұлы ауданға арнайы атбасын бұрған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер коми-тетінің мүшесі Данияр Алда-бергенұлына сөз берді. Алыс-тан ат арылтып келген құрметті қонақ күн тәртібіндегі негізгі мәселеге баса тоқталып, жиынға қатысушы аудан тұр-ғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

              Алғашқы болып сөз кезе-гін алған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабайұлы аграрлы ауданымыздың негізгі саласының бірі егін шаруа-шылығы болғандықтан Бір-лік, Бақбақты және Миялы ауылдық округтеріндегі егіс алқаптарындағы суармалы жерлерге тіршілік нәрінің жетіспеуіне байланысты егіс алқабына Іле өзенінен су бөлінетін Тасмұрын магис-тральді каналының бастапқы саласына үрлемелі су бөгетін  және 5-ші шлюз орнату керектігін айтты. Бұл өзекті мәселе өз шешімін тапса бір-шама істердің бастамасы бола-тындығын жеткізді. Сонымен қатар аудан жастарының жұмыс іздеп облыс орталығына және басқа қалаларға қоныс аударып жатқанын және олардың ауданда тұрақтап қалуы  үшін сан түрлі жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлікпен айналысу үшін қаржылай қолдау көрсетілсе, сондай-ақ көгілдір отынды іске қосса деген ұсыныс-пікірін жеткізді.

     Келесі кезекте мінбе төрініе көтерілген Ақдала ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Шыбықбаев Ақдала ауылдық округіне қарасты 5000 басқа арналған мал бордақылау кешенінің бүгінгі таңда жұмыс істемей тұрғанын алға тартып, мал бордақылау кешені жұмыс істеп тұрса, ауыл тұрғындарына жұмыс орны болар еді деген пікірін ортаға салды.

      Сөз кезегін алған аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Сайран Смағұлов аудан жастары салауатты өмір салтын ұстану үшін спорттық үйірмелер ашылса, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарға шағын футбол алаңдарын жасаса, Миялы және Ақдала ауылдық округтеріндегі спорт кешендеріне жоспарланған күр-делі жөндеу жұмыстары жуық арада жүргізілсе, жастардың білімдерін жетілдіру үшін және кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында қаржылай қолдаулар көрсетілсе, сонымен қатар ауданда су спортын дамыту үшін бассейн салынса деген пікірін білдірді.  

     Жиында өз ойын ортаға салған ауданның Құрметті азаматы Айтжан Есімов Мемлекет басшысының Әділетті Жаңа Қазақстан қоғамын құру жолындағы жоспарлы жұмыстарын жүзеге асыру үшін Парламент Мәжілісінің депутаттары қолдау көрсетіп, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін еңбекақының мөлшерін  күнкөріс жағдайына жеткілікті етіп төленсе және халыққа несие беруші екінші деңгейлі банктердің төлемақы пайызын ретке келтіру мәселелері қолға алынса деген ұсынысын жеткізді.  

    Бақанас ауылдық округінің әкімі Қабыл Сәдуқасов та сөз кезегін алып, ауыл көшелерін абаттандыру мақсатында жұмсалатын қаражатты яғни мемлекеттік сатып алу жүйесін ретке келтірсе деген ұсыныс-пікірін іркіп қалмады. Осы сәтте жиынға қатысушылар тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша тендер өткізу  мәселесі дұрыс жолға қойыл-мағаны жөнінде бірнеше нақты деректер келтіріліп, жан-жақты талқыланды.

     Жиын соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мә-жілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Данияр Алдабергенұлы айтылған мәселелер өз шешімін табу үшін халықпен бірге жұмыс жасайтынын айта келе, аудан қариялары жеткізген жайттардың ерекше ескері-летінін айтып, әр ұсыныс-пікірдің бүге-шігесіне дейін анықталып, маңыздылығына қарай шешімін табатындығын  тілге тиек етті. Өз сөзінде күрішті де ырысты өңірдің белсенді жұмысына тәнті болып, ақмаржан аймақтың даму сатысына биік баға берді.

       Мұнан соң халық қалаулысы аудан орталығында салынып жатқан  30 жалгерлік тұрғын үйлер мен 5 қабатты 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысып, аудандық дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешеніне атбасын бұрып, балғын спортшылардың спорт саласындағы жеткен жетістіктерін сұрап, жастардың жарқын болашағына сәттілік тіледі.               

           Күрішті де ырысты өлкеге атбасын бұрған құрметті қонақ  өздерінің кезекті отырыстарында ел аралап жүргенде көзбен көріп, көңілге түйген барлық өзекті мәселелерді ортаға салып, әріптестер алдында егжей-тегжей талқылап, халық игілігі үшін дұрыс шешім қабылдауды басты мақсат санайтынын жеткізді.

                                                                           Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, Балқаш ауданы.

   

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі