ҚЫСҚЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

DSC_0273.JPG

    Жаз мезгілі аяқталып, күз келісімен-ақ ел аузынан «Биылғы қыс қатты болады екен», деген сөзді жиі естиміз. Кейбір кезде қыркүйектің бірде жылы, бірде салқын құбылмалы ауа-райы да қыр астында тұрған қыстың мінезін ептеп сездіретіндей. «Қыстың қамын жаз ойла!» дегендей, күн жылы, жер қара кезде қысқа дайындық жұмыстарын бір пысықтап алған жөн.

Осыған орай алдағы жылыту маусымын үздіксіз әрі қауіпсіз өткізу мақсатында аудандағы мемлекеттік мекемелердің, сон-дай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қоры жылыту қазандықтарының инженерлік- инфрақұрылымдарының 2023-2024 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындықтарын саралау үшін осы аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен облыстық Қоғамдық кеңестің  мүшелері -Тынышбай Досымбеков пен Алмас Қыстаубаевтың және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау бас-қармасы басшысының орынбасар Бахытгүл Төлеубекованың қатысуымен жиын болып өтті. 

Аталмыш кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Бөріхан Әбдібаев, аудандық Қо-ғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттары,  аудандық мекеме-ұйым  басшылары, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, ауылдық округі әкімдері қатысып отырды.

Жиынды жүргізуді өз қолына алған аудан әкімінің орынбасары Бөріхан Нарымбетұлы күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудан көлемінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жөнінде баяндама жасау үшін  аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Төлепбергеновқа сөз кезегін берді.

Мінбе төріне көтерілген Қуаныш Шұғайұлы аудан көлемінде жылыту маусынына дайындық жұмыстары жөнінде баяндамасын жасап, алдағы күндері газ құбыры тартылған ауылдарда орналасқан  мемелекеттік мекемелер мен білім және денсаулық саласының ғимараттарына көгілдір отынмен жылытатын қазандық орнату жөнінде айтып өтті.

Келесі кезекте сөз алған облыстық Қоғамдық кеңестің мү-шесі Тынышбай Досымбекұлы облыс көлеміндегі аудандарда 2023-2024 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындықтарын анықтау үшін осындай  Қо-ғамдық кеңес отырыстары  өткізіліп жатқанын тілге тиек етіп, мемлекеттік мекемелердің қазандықтары газ құрылғысына ауыстырудың маңыздылығы жө-нінде әңгіме өрбітті.

Қоғамдық кеңеске қатысу-шылар да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сұрақ-жауап барысында аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Сайран Смағұлов алдағы келе жатқан жылыту маусымына білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау салаларында жылыту қазандықтарын жөндеуге, сонымен қатар сұйық және  қатты отындар сатып алуға тиісті қаражаттар бөлініп жатыр ма және осы бағытта тендер ойнатылды ма? деген сұрақтарын қойды. Ал Мұханғали Қожабеков аудан тұрғындарына арзан бағада көмір жеткізілсе және көмірдің қай күндері,  қандай жерлерде сатылатынын  аудандық «Балқаш өңірі» газеті арқылы хабаралап тұрса. Аудан көлеміндегі Ауған соғысы ардагерлеріне жылына бір уақыт ақысыз демалыс орындарына жолдамалар берілсе. Сонымен қатар қысқы мал азығының бағасы шамадан тыс қымбат екенін айтып, арзандатылса деген ұсыныс-пікірін білдірді.

 

Жиын соңында облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері аудандық Орталық аурухана мен Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының жылыту қазандықтарын алда келе жатқан  жылыту маусымына дайындығын көзбен көріп, өзекті мәселелерге құлақ түрді.

                                                                                                                            Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі