ПАЙДАЛАНЫЛМАЙ ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

DSC_0227.JPG

    Осы аптаның дүйсенбісі күні облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Жандос Нұрлыбаев, аталмыш мекеменің жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің басшысы Марат Жүндібаев және қаржы құқықтық-қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Арман Сәрсенбай ауданымызға арнайы келіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында семинар өткізді.

Семинар отырысына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, аудандық прокуратура қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары қатысты.

Алғашқы болып сөз кезегін алған облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Жандос Асқарұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 2023 жылдың 28 сәуіріндегі №3-1 шешімінің 5 тармағы бойынша жер беру және оның нысаналы мақсатын ауыстыру кезіндегі қателіктердің алдын-алу мақсатындағы ұсынымына сәйкес, облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып шықты.

Келесі кезекте сөз алған облыс бойынша жер ресурстарын басқару департаментінің жер мониторингі, талдау және есеп бөлімінің басшысы Марат Қадырұлы нысаналы мақсаты бойынша пайданылмайтын жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару туралы дайындаған  баяндамасын жасады.

Мұнан соң мінбе төріне көтерілген облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің қаржы құқықтық-қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Арман Жеңісұлы жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару бойынша сотқа талап-арыз берудегі мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырды.

 Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалғанан кейін, жиынға қатысушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Темірғалиұлы аудан көлемінде пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, бос жерлерді жер пайдаланушыларға  беру үшін арнайы конкурстар өткізілетінін айтып өтті.

 Еліміздегі ауыл шаруашылық саласының бірі - мал шаруашылығы екендігі белгілі. Мал шаруашылығын дамыту үшін төрт түлік түрлерін  өсірумен тұрақты түрде айналысатын шаруа қожалықтарына мал жайылымы ретінде мемлекеттік жер қоры тарапынан жер телімдері берілген.  Мал басын көбейту мақсатында жер телімін алған кейбір шаруашылықтар өздеріне тиесілі жерлерін дұрыс бағытта пайдаланбай жатыр.

Кейбір тұрғындардың мал өсірумен айналысайын десе ұлтарақтай жер алуға қолы жетпей жүрсе, ал кейбіреулері ұлан-байтақ жерді меншіктеп алып, ол жерлерді мақсатты нысанда пайдаланбай жүргені жасырын емес. Сондықтанда жер телімін алған шаруашылықтар пайдалана алмаса мемлекетке өз еркімен қайтарғаны абзал

                                                                                             Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 10 күндік таңғы жаттығу
  • АЭС 8 балдық жер сілкінісіне төтеп береді – Мәжілісмен
  • Қонаевта жыл соңына дейін 765 абонент газға қосылады деп күтілуде
  • Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер
  • Атом электр станциясын салу жөніндегі