07-09 шілде аралығында Испания мемлекетінің астанасы Мадрид қаласында Грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық турнир болып өтті. Әлемнің 15 мемлекетінен 125 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде қазақстандық спортшыларда сынға түсіп, ел қоржынына 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медальдарды салып, командалық есепте ІІ-ші орынды иеленді.
Ел қоржынына алтын медаль салған спортшының бірі, Алматы қаласындағы Республикалық спорт колледжінің студенті, Қазақстан спорт шеберіне үміткер, республикалық ұлттық құрама командасының мүшесі, жерлесіміз Бекарыс Мейрамбек. Ақдалалық Бекарыс Бақтығалиұлы аталмыш спорттық сайыста 55 кг салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жеңімпаз атанды.
Ақтық сайыста Бекарыс Испания мемлекетінің 11 дүркін чемпионы атанған атақты балуанымен белдесіп, қарсыласын 6:9 есебі бойынша айқын басымдықпен жеңді.
Испания мемлекетінде Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, ауданымыздың абыройын асқақтатқан спортшы жайында айтар болсақ, ол Ақдала орта мектебінің түлегі. Жастайынан спортпен айналысқан Бекарыстың алғашқы жеңістері аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шұғылданып жүргенде басталған. Көптеген облыстық, рспубликалық чемпионаттарда жеңіс тұғырынан көрініп, жаттықтырушылардың үкілі үміттерін ақтап, респу-бликалық спорт колледжіне арнайы жолдама арқылы мемле-кеттік грант иегері атанды.
Жас балуанның болашағы-нан үміт күткен алғашқы жат-тықтырушылары аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Хамит Сембаев пен Грек-рим күресінің жаттықтырушысы Назтай Мейрамбек, Бекарыстың қазіргі жаттықтырушылары Боранбек Қоңыратов пен Дидар Керім-баевқа зор сенім артып, оның болашақта Әлем, Олимпиада чемпионы атануына сүбелі үлесін қосады деп күтілуде.
Негізі спортшылар осындай үлкен жарыстарға қатысу арқылы шыңдалып, тәжірибе жинақтайды. Сондықтан жас спортшыларды шет мемлекеттерде өткізілетін халықаралық жарыстарға қатыстырып, әлем чемпионаттарында жүлделі орындар алу үшін тыңғылықты дайындау керек.
Расында кім ойлаған ауыл-дың қарапайым қара баласы Испания мемлекетіне барып, аудан абыройын асқақ-татады деп. Бұл біздің киелі өңірде мекендеген ата-бабаларымыздың қасиетті топыраққа қалдырған ру-хы. Ендеше осындай жас спортшылардың байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көріну жолында ата-баба-ларының рухтары қолдай берсін деп тілейік!