Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған Жолдауында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатқандығын, осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керектігін атап өтті. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Кез-келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік деді.
Ақиқатында да дәл солай. Заң үстемдік құрмай, қоғамның алға жылжуы мүмкін емес. Ал, адамдардың қауіпсіздігі алдыңғы кезекте тұрса ғана сенімділік пайда болатыны әлимсақтан белгілі. Осы айтылған жайттар назарда тұрса ғана әділдік пен қауіпсіздік салтанат құратыны анық. Мен, бұл көтерілген дүниелерге байыппен қарап, оны қолдаймын.
Зәуреш Демеуқұлова, ауданның Құрметті азаматы.