Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті

njuu.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Жапонияда білім алып, түрлі салада қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.


✔️Мемлекет басшысы Жапония сияқты дамыған елдің тәжірибесін зерделеу маңызды екенін айтты.


– Бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін береді деп ойлаймыз. Жапон тарапы да үлкен мән беріп отыр. Бүгін Премьер-министрмен кездесемін. 

Ынтымақтастығымыздың келешегі зор болатынына ешқандай күмән жоқ. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан өз дамуында жаңа кезеңге қадам басты. 

Биыл ел экономикасының өсімі 6 пайыздан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Инфляцияны төмендету, 

инфрақұрылымды жаңарту қажет. Қазақстан келешекте цифрлық елге айналуы керек. Алдымызда осындай үлкен мақсаттар тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



✔️Отандастарымыз арасынан Ritsumeikan Азия – Тынық мұхиты университетінің вице-президенті, профессор Серік Мейірманов, ARIA Consulting негізін

 қалаушы Арайлым Хасан, Showa және Juntendo медицина университеттерінің доценті Әбдібек Қалибек, Ailia компаниясында жасанды интеллект 

технологиясымен айналысатын инженер Эльдар Төлеубай сөз сөйлеп, өздерінің Күншығыс еліндегі жетістіктерімен бөлісті.


✔️Президент Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтарға табыс тіледі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
  • Глава государства провел встречу с соотечественниками, работающими в Японии
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
  • Глава государства посетил храм Мэйджи Джингу
  • Закон о запрете пропаганды ЛГБТ одобрил сенат в первом чтении Данный текст скопирован с сайта Infor