Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

nj9.png

Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды. 


????1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан. 


????Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған 

император Мейджиге арналған.


????Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. 


«Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. 

Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
  • Глава государства провел встречу с соотечественниками, работающими в Японии
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
  • Глава государства посетил храм Мэйджи Джингу
  • Закон о запрете пропаганды ЛГБТ одобрил сенат в первом чтении Данный текст скопирован с сайта Infor