Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» - атты биылғы Жолдауында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қору туралы пікір білдірді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде үкіметке мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасауды тапсырды. Бір-біріне байланысы жоқ ондаған бағдарлама мен ақпараттар базасының орнына бірыңғай мемлекеттік меди-циналық ақпарат жүйесін жасау керектігін, жаңа жүйе, меншік түріне қарамастан, мемлекеттік тапсырыс алатын медицина мекемелерінің бәріне толық бақылау жасалуын және мәліметтердің шынайы болуын қамтамасыз етуі қажет. Үкімет осы маңызды мәселені шешуге дереу кірісіп, бұл бағыттағы жұмыстың барысы жөнінде есеп беріп отыруға тиіс», - деді Президент.
Мемлекет басшысының Жолдауда көтерген осы мәселесін біз қуаттап, қолдаймыз! Шынында да медициналық көмектің бірыңғай базасын қалыптастыру - бүгінгі күннің өзекті де өткір мәселесіне айналғаны ақиқат. Осы жағдай Президентіміздің назарында болғаны барлығымызды қуантып отыр.
Ғалия Әліпбаева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.