Президент Жолдауында: “Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс”-деді.
Иә, қоршаған ортаны қорғау Сіз бен біздің ортақ міндетіміз. Оны ешқашан естен шығаруға болмайды. Әсіресе, менің көңілімнен шыққаны “бизнес өкілдерінің табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарау қажеттігі”. Президент айтып өткендей сарқылмайтын, таусылмайтын дүние жоқ. Сондықтанда оған ұқыппен қарап, бей-берекет кәдеге жарата бермеу қажеттігін меңзеді. Табиғат-бізге Тәңірдің берген сыйы. Оны ұқыпты етіп ұс-тау әрі ластамау жолында жұмыла жұмыс жасауымыз керек.
Бақыт Сқабаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.