ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕНІ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

    9556c77d-d4fb-4080-a521-c830c405da65.jpg

 Атом – үздіксіз энергия көзі. Сондықтан, Қазақстанда АЭС салу ел болашағы үшін маңызды қадам. Әрі бұл еліміздегі электр энергиясы тапшылығын жоюға ықпал етеді.

    Елімізді толғандырған мәселелер болса оны бүкіл халыққа ұсынып, талқылап, сол жерде дауыс беру арқылы халқымыздың басым көпшілігінің қалауымен шешілетін болады. Бұл Қазақстанда орын алып отырған демократиялық процестің бір көрінісі.

   Экономиканы дамыту үшін орасан зор қуат көзі қажет. Дамыған мемлекеттердің барлығында атом электр станциясынан алынатын энергияның таза әрі қауіпсіз екені дәлелденген.

 Қазақстанда электр энергиясының жетіспеушілігі өте жоғары. Біз электр энергиясын көрші мемлекеттерден сатып аламыз. Әсіресе Рессейден.

 Қазақстанда АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндік ашады. Артықшылықтар туралы айтатын болсақ, онда АЭС салу елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне мүмкіндік береді. Құрылыс кезінде жаңа жұмыс орындары мен жаңа кадрлар пайда болады. Жергілікті өнеркәсіп дамиды. Бұдан бөлек, меншікті отын базасының әлеуетін кешенді пайдалануға мүмкіндік болады. Сонымен қатар, тұтынушылар 60 жылдан астам уақыт энергиямен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ парниктік газдар шығынын жылына 8-10 млн тоннаға дейін төмендете алады. Басқа да бірқатар экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие екендігін атап өту керек. Қазір Қазақстанда АЭС салу мүмкіндігі жүйелі түрде зерттеліп келеді және барлық мүдделі тараптардың пікірлері ескеріледі. 

            Сымбат Нұрпейіс, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі.

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН БАСТЫ БАҒЫТТАРҒА ТОҚТАЛДЫ
  • ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСТЫ
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
  • ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА