ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ҚУАТ КӨЗДЕРІ АСА ҚАЖЕТ

    IMG_4372.JPG

        Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында әлемдегі энергия тапшылығына байланысты, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет екендігін айтып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керектігіне тоқталды. Атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдап, стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп айтты.

Мен, Президент көтерген мәселені қолдаймын. Қолдайтын себебім, расымен де Мемлекет басшысы айтқандай уақыт бір орнында тұрмайды. Біздің болашақ ұрпақтың игілігін бүгіннен бастап қолға алмасақ, ертең кеш болады. Заманның ағымы бізді тәуекелге бел байлауға итермелеп отыр. Яғни, Атом электр станциясын салу қажеттігі бұл уақыт күттірмейтін дүние. Сондықтан да дамыған елдердің көшіне ілесу үшін бұл бастамаға барлық қазақстандықтар қолдау білдіреді деген сенімдемін.

 Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, “Балқаш өңірі” газеті бас редакторының орынбасары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН БАСТЫ БАҒЫТТАРҒА ТОҚТАЛДЫ
  • ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСТЫ
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
  • ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА