КӘСІБИ ТҮРДЕ ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ТАПСЫРЫЛДЫ

Алимбаева.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше, өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар»  деп атап өтті.

Бұған  дейін Мемлекет басшысы  халыққа атом  энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажеттілігін тапсырған болатын-ды. «Бізді қоршаған әлем тез өзгеруде, жаңа құндылықтар қалыптасуда, өмір мен адамгершілік туралы жаңа идеялар пайда болып жатыр. Бұл атом электр стансаларында электр энергиясын өндіруге де қатысты.

Бүгінде барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе болып табылады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, елдің энергетикалық қауіпсіздігін тек атом энергетикасы арқылы қамтамасыз етуге болады. Өйткені дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері тұрақты өндіріс бере алмайды.

Физика саласындағы мамандардың сөзінше, АЭС салу тиімді. Өйткені, қазір заман дамыған. Жаңа реакторлар қолданылады екен. Оның үстіне, электр өндіретін стансалардың 70 пайыздан астамы көмірмен жұмыс істейді. Олардың тозығы жеткен.

Негізі атом энергиясын табысты өндірудің кілті ядролық реакторды дұрыс таңдау. Олардың түрлері мен сұрыптары өте көп. Негізінен олар бір-бірінен мақсаты мен жұмыс істеу қағидаттары бойынша ерекшеленеді.

Дүниежүзіндегі реактор өндірушілер уақыт өткен сайын бұрынғыларына қарағанда қауіпсіздеу жаңа типтегі реакторлар шығарып жатыр. Америка Құрама Штаттары мен атом электр стансалары бар басқа да әлеуетті елдер ядролық реакторларды дамытуға қолдауды арттырып, қосымша қаржылық ресурстарды жариялады.

Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде атом электр стансасы құрылысын жүргізу туралы тағы айтты. «Бізде инвестицияны былай қойғанда, таза атом энергиясы жоқ болса, экономикамызды құлдыратып аламыз, аймақтағы көшбасшылығымыздан айырыламыз. Сондықтан да бізге электр энергиясы, атомдық таза энергия қажет. Оның маңызын халыққа кәсіби тұрғыдан түсіндіру керек»-, деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

                                                            Жайдары Әлімбаева, мұғалім.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН БАСТЫ БАҒЫТТАРҒА ТОҚТАЛДЫ
  • ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСТЫ
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
  • ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА