МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫНА КӨҢІЛ БӨЛДІ

8b957bf3-a3aa-46ce-ab14-2a630b52736f.jpg

Өткен аптаның бейсенбісі күні аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов арнайы іссапармен Топар-1, Топар-2 өзендерінің арналарына жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарын көзбен кө-ріп, Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе ауылының тұрғындарымен кездесу жиын өткізіп қайтты.

Өзінің іссапарын Топар-1, Топар-2 өзендерінің арналарына механикалық тазалау жұмыстарының сапа-сын бақылаудан бастаған Азат Үкітайұлы  Ақжар, Топар және Балатопар ауылдық округтерінің әкімдері және  ауыл қарияларымен кездесіп, олармен өзен арнасының қазу жұмыстары жайында әңгіме өрбітті. 

Әңгіме барысында   биылғы жылы облыстық бюджеттен аталмыш өзендердің сағасына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаражат бөлінген және  осы ауқымды жұмыстарды жүргізуді өз міндеттеріне алған «Гидро-құрылыс» ЖШС-гі өзен арнасын қазуды бастап кеткендігін айтты.

Өзендерге тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан «Гидро-құрылыс» ЖШС-нің бөлімше басшысы Нұржан Таймағанбетовтың  айтуынша оларға Топар-1 өзенінің 8 шақырым 800 метрге дейін және Топар-2 өзенінің 4 шақырым 700 метрге дейінгі аралықты  тазалау жұмыстары міндеттеліпті. Қа-зіргі таңда Топар-2 өзенінің арнасының 2 шақырым 500 метр аралығына механикалық тазалау жұмыстары жасалыныпты. Өзен арналарын тазалауға қажетті техникалары сақадай – сай жасақталған және механизаторлары да нағыз іскер мамандар екен.

4d2ab02d-8c99-42aa-908c-dbb90e690089.jpg

Осы жұмыстарды егжей-тегжейлі бақылаған Азат Үкітайұлы ауыл қарияларымен ауылдық округ әкімдеріне өзен арналарына механикалық тазалау жұмыстары аяқталғанша үнемі басы-қасында болып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың сапалы әрі жүйелі болуына атсалысуларын сұрады. Сонымен қатар өзендер арналарына тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқан аталмыш мекеменің бөлімше басшысына ел игілігі үшін жасалынып жатқан жұмыстың сапалы болуын табыстады және осы жұмыстарды әркез назарына ұстайтынын жеткізді.

Мұнан соң Азат Құтпанбетов Ақжар ауылдық округіне қарасты Аралтөбе ауылына келіп, ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізді. Кездесу жиын алдында ауылдық медициналық пунктке бас сұғып, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары қажет екенін аңғарып, бұл мәселені шешу жолдарын қа-растыратынын айтты. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған монумент орналасқан саябақты аралап, абаттандыру жұмыстарын жандандырып, саябақ ауласын кеңейту мәселесін ауылдық округ әкімімен талқылады.

Аралтөбе орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізген Азат Үкітайұлы жыл басынан бері аудан көлеміндегі ауылдық округтерге арнайы барып, бірнеше мәрте кездесу жиындар өткізгенін айтып, ауылдық округтерге қарасты елдімекендер мен ауылдарда ешқандай жиындардың өткізілмей жүргенін ескеріп, өзінің арнайы келіп отырғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ауыл тазалығы, білім, денсаулық саласы бойынша бірқатар мәселелерді ортаға салды. 

Кездесу жиында Аралтөбе ауылының тұрғындары да өз ойларын іркіп қалмады. Оларды көптен бері мазалап жүрген өзекті мәселелердің бірі - ауылға кірме жолдың жөндеу жұмысы, балаларға арналған шағын ойын алаңын салу, ауылдық медициналық пунктке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Ауыл тұрғындарының ұсыныстарына құлақ түрген Азат Құтпанбетов айтылған барлық мәселелерді назарға алынатыны және оларды дер уақытында орындалуын өз бақылауына алатынын айтып өтті.                                

                                                                                                                 Өз тілшімізден.     

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫНА КӨҢІЛ БӨЛДІ