Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті

0e9f6871-55e7-45fc-8bd5-b7fb734cc333.jpeg

     Конституцияның басты құндылығы – адам және оның қадір-қасиеті. Мемлекеттің қуаты тек экономикалық көрсеткіштермен немесе жеткен жетістіктерімен өлшенбейді. Нағыз қуатты мемлекет – өз азаматтарының құқығын қорғай алатын, әр адамның еркін дамуына мүмкіндік беретін, заң алдында баршаға бірдей талап қоятын мемлекет. Сондықтан конституциялық өзгерістердің негізгі мәні халықтың өмір сапасын жақсартумен, қоғамдағы сенімді нығайтумен және азаматтардың мемлекет алдындағы ғана емес, мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттырумен тығыз байланысты.

    Жаңа Конституцияның мәнін тек баптар мен тармақтардың өзгеруі арқылы бағалау жеткіліксіз. Оның шынайы маңызы күнделікті өмірде, мемлекеттік органдардың жұмысында, сот жүйесінің әділдігінде, азаматтардың құқықтарының қорғалуында көрініс табуы тиіс. Заң қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде орындалғанда ғана қоғамда әділеттілік орнайды.

    Әсіресе, жас ұрпақ үшін Конституцияның маңызы зор. Себебі бүгін қабылданатын шешімдер ертеңгі ұрпақтың өміріне әсер етеді. Білімді, бәсекеге қабілетті, өз құқығы мен міндетін білетін жастардың қалыптасуы – елдің ұзақ мерзімді дамуының кепілі. Конституциялық құндылықтарды құрметтеу отансүйгіштікпен, жауапкершілікпен және азаматтық белсенділікпен ұштасуы қажет.

    Сонымен қатар, Конституция қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағы ортақ ережелерді қалыптастырады. Заңға құрмет, тәртіп, өзгенің құқығын мойындау, қоғамдық келісім мен бірлік – тұрақты мемлекеттің негізгі тіректері. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінгенде ғана құқықтық мәдениет қалыптасады.

    Жаңа Конституция – тек бүгінгі күннің талабы емес, болашақ алдындағы жауапкершілік. Оның әрбір қағидасы елдің даму бағытына, мемлекеттік институттардың қызметіне және азаматтардың қоғамдық өмірге араласуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан конституциялық жаңғыруға саналы көзқараспен қарап, оның мазмұнын түсіну, құқықтар мен міндеттерді білу – әрбір азаматтың міндеті.

Күмісбек Ербаев,журналист.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • По итогам уборочной кампании 2026 года Казахстан собрал 24,3 млн тонн зерна
  • Қазақстан 2026 жылы 24,3 млн тонна астық жинады.
  • Басты құндылығы-адам және оның қадір-қасиеті
  • Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады
  • По итогам уборочной кампании 2026 года в Казахстане собрано 24,3 млн тонн зерна