
Балқаш аудандық кітапханасы «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында аудандық орталық ауруханаға барып, ұжым қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында аурухана қызметкерлеріне марафонның мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, арнайы ресми сайтқа тіркелу және өз пікірлерін қалдыру тәртібі таныстырылды.
Қазіргі таңда аурухана қызметкерлерінің жартысынан астамы аталған сайтқа тіркеліп, республикалық марафонға қатысып жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Ұжым қызметкерлері арасында пікір қалдыру жұмыстары да жаппай қолға алынған.
Аурухана ұжымы Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтындарын білдіріп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі іске өз үлестерін қосатындарын жеткізді.


