Алдыда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр

eb4dd564-536c-47b6-8008-e658cf03622b.jpeg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жолдауын зор ықыласпен тыңдап,ондағы айтылған дүниелерге құлақ түріп, бір марқайып қалдым.

    Иә,шынында да Президентіміз Жолдауда еліміздің болашағы жайлы толымды пікірлерді айта келе өз сөзінде былай деді: “Бұған дейін де айттым: Қазақстан ауқымды құрылыс алаңына айналуға тиіс. Мәселе жекелеген жобаларға қатысты болып отырған жоқ.

     Жалпы, барлық аймақта жаппай құрылысты бастап, жандандыру қажет.

     Бірінші кезекте, жан-жақты зерттеу және талдау жүргізіп, облыстардың денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілігін егжей-тегжей анықтау жұмысын тез арада толығымен бітіру керек» деді.

    Ал Ұлттық қор жайлы айтқан тұжырымдамасы төмендегідей өрбіді:”Бірақ Ұлттық қордың ресурсын жинақтау және оны пайдалану арасында теңгерім сақталуға тиіс. Қаражатты тек қоғамға барынша пайдалы дүниеге ғана жарату керек.

      Ең бастысы, жұмсалған ақшаның экономикалық және әлеуметтік қайтарымы болуы қажет. Өйткені бөлінетін мемлекет қаражатының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын көтеру.

     Тиісті жобаларды жүзеге асыруға материалдық-техникалық жағдайы жақсы және мол тәжірибесі бар жергілікті жердегі шағын және орта бизнес өкілдерін тартқан жөн. Бүкіл құрылыстың барысы қатаң бақылауға алынады

    Бірінші кезекте аймақтарда 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады.

Перзентханалар, ауруханалар, жедел медициналық көмек көрсету станциялары, балаларға арналған оңалту орталықтары мен ерекше балалардың сұранысына сай спортзалдар бой көтереді.

    Сондай-ақ 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемелерінің құрылысы басталады.

     Осындай аса қажетті, сапалы нысандардың құрылысын жедел түрде бастап, көп ұзамай іске қосуымыз керек» деп алдағы жылдардың еншісіндегі дүниелерге ерекше тоқтала келе 2027 жылды “Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы” деп жариялауды ұсынды.

    Келер жылы еліміз бойынша құрылыс жұмыстары қызайын деп тұр. Оған кәсіпкерлер бүгіннен бастап дайындала беруі қажет деп ойлаймын.

     Міне,осындай ауқымды жоспарлар мен тағы да басқа өзекті мәселелер Жолдаудың негізгі аспектілеріне айналды.

Күмісбек Ербаев,журналист.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алдыда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр
  • Портреты президентов, флаги и личная встреча Эрдогана: как Анкара принимает Касым-Жомарта Токаева
  • Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
  • Мемлекеттік тілден B2 деңгейі бойынша сабақ өткізілді
  • ЖАҢА ТАРИХИ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ