
Қонаев қаласының әкімдігі «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес Қапшағай су қоймасы жағалауындағы
жағажайлар мен демалыс орындарын заң талаптарына сай жабдықтау мақсатында жағажай және демалыс
орны иелерін, жауапты тұлғаларды және азаматтарды төмендегі міндетті заң талаптарын сақтауға
шақырады:
1.Санитариялық және гигиеналық нормалар:
- Демалыс аймақтарында тазалықты қамтамасыз ету, қоқыс жәшіктерін орнату;
- Дәретханалар мен санитариялық торапты жарамды күйде ұстау;
- Су сапасын тексеру және санитариялық қорытынды алу;
2. Қауіпсіздік және құтқару шаралары:
- Аттестатталған су жағасы құтқарушыларын тарту;
- Бірінші медициналық көмек бекетін жабдықтау;
- Жүзуге тыйым салынған аймақтарды белгілеу (буйлар, жалаулар);
3. Рұқсат және лицензиялау:
- Жағажайды пайдалануға жергілікті атқарушы органның рұқсаты болу керек;
- Сауда және қызмет көрсету нүктелерін тіркеу міндетті;
- Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуы тиіс;
4. Инфрақұрылымдық талаптар:
- Киіну бөлмелері, душтар мен ауыз су нүктелерін орнату;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандустар мен жолдар;
- Жарықтандыру, белгілер мен ақпараттық тақтайшалар орнату;
5. Тәртіп пен қоғамдық тыныштық:
- Алкоголь ішімдіктерін ашық жерде тұтынуға тыйым салу;
- Демалыс уақытында шу нормаларын сақтау;
Жауапкершілік туралы ескерту:
Аталған талаптарды орындамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне сәйкес
әкімшілік жауапкершілік қолданылады.


