Есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру— бұл мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын және болашақ ұрпақтың амандығын сақтаудың ең маңызды бағыты. Бүгінде бұл қауіп жаңа деңгейге шығып, трансұлттық сипатқа ие болды.
Байқағанымыздай соңғы жылдары есірткі нарығы түбегейлі өзгерді. Ал есірткі заттарын заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау және тарату ауыр қылмыс болып саналады. Соны біле тұра есірткі заттарын тасмалдаушылардың саны азаймай тұр. Мұндай қылмыстар жастардың болашағына балта шауып, олардың өмірін құрдымға кетіреді. Есірткіге тәуелді адам өз денсаулығын жоғалтып қана қоймай, қылмыс жасауға бейім болады. Соның салдарынан ұрлық, алаяқтық, тонау сияқты сан алуан құқық бұзушылықтар орын алады.
Есірткі қылмысы – қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі. Ол адамның денсаулығына ғана емес, отбасының берекесіне, қоғамдық тәртіпке және мемлекеттің қауіпсіздігіне де зор қауіп төндіреді. Сондықтан есірткі қылмысына қарсы күрес – құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Есірткісіз болашақты қалыптастыру — тек полицияның емес, бүкіл қоғамның бірлескен міндеті днсек ақиқаттан алшақ кетпеспіз сірә.
Өз тілшімізден.


