Заңға құрмет – қауіпсіз қоғам кепілі

64.png

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алатау қаласында

 қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың 

алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.


Осы мақсатта қала аумағында түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, оған құқық қорғау органдарының

 қызметкерлері мен жауапты мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Рейд барысында компьютерлік 

клубтардың қызметі тексеріліп, олардың қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау деңгейіне мониторинг 

жүргізілді.


Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталып, 

олардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді. 

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта бақылаусыз жүруі түрлі құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ 

олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай рейдтердің маңызы ерекше.


Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту. 

Рейд нәтижесінде анықталған жағдайлар бойынша тиісті профилактикалық шаралар қабылданып, 

заң талаптары түсіндірілді.


Алатау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу және 

құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын 

болады. Өйткені заңға құрмет пен тәртіпке бағыну – қауіпсіз қоғамның және ел болашағының берік негізі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында тұтынушыларға 90,4 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды!
  • Алматы облысында тұтынушыларға 90,4 миллион теңгеден аса қаражат қайтарылды
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Международной конференции по искусственному интеллекту AI
  • «SAQTAN-2026»: 20 түнгі рейд жргізіліп, 175 әкімшілік хаттама толтырылды
  • АЭС өндірісі – отандық кәсіпорындарға үлкен мүмкіндік