«Таза Қазақстан”

74ce70bd-df1b-4cae-a777-7c70fc381c59.jpeg

29efead5-99f6-42e2-a9af-a59837f243f5.jpeg

2026 жылғы 11 маусым күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Желтораңғы ауылында  Қасымбек және Балтағұл көшелерінде санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – елді мекен аумағының тазалығын сақтау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындарды көркейту болып табылады.

Тазалық жұмыстары барысында көшелердің бойы қоқыстардан тазартылып, аулалар мен жол жиегі ретке келтірілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

Аталған акция ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін арттыруға бағытталды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенділігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Маршрут Север - Юг и Средний коридор: Казахстан наращивает транзит
  • Ауылдан басталған өнер жолы, биік белестерге басталған қадамдар
  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • «Позитивті ойлау – өміршеңдіктің көзі»