«Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді

8.png

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтты. Бұл ретте Президент Біріккен

 Араб Әмірліктері қолма-қол төлемсіз экономикаға көшуді жоспарлап отырғанын мысалға келтірді. 


Қытайдан да үлгі алуға болады. Көршілес ел жыл сайынғы триллион доллар транзакцияларды цифрлық 

платформада өңдеу ісін жолға қойды. 


– Қазақстан да бұл бағытта оң нәтижеге қол жеткізді: еліміздегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80 

пайыздан асты. Осы жиынға қатысып отырған отандық фин-тех компаниялар кәсіби деңгейлері жоғары екенін 

көрсетті. Цифрлық теңгені кеңінен қолдану шын мәнінде «ойын ережесін» өзгертеді. Өйткені бюджеттің 

ашықтығын қамтамасыз етіп, транзакция үшін алынатын комиссиялық төлемдердің шығынын қысқартады. 

Бұл Қазақстанның дүние жүзінен көбірек капитал тартып, жетекші инвестициялық және қаржылық орталыққа 

айналуына көмектесуге тиіс. Былтыр елімізде алғаш рет цифрлық активтер мен криптовалютаны реттейтін 

құқықтық база қалыптасты. Жылжымайтын мүлікті, алтынды, ірі өндіріс кәсіпорындарының акцияларын және 

басқа да активтерді токенизация жасауға мүмкіндік пайда болды. Мақсатымыз – аймақтағы жетекші криптохабқа

 айналу. Үкімет пен Ұлттық банк цифрлық активтерді дамытудың басты бағыттарын бекіткені жөн. Бұл – шұғыл 

міндет, уақыт күтпейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОПИМ ВДОЛГУЮ: ДОЛГОСРОЧНЫЕ ТЕНГОВЫЕ ВКЛАДЫ КАЗАХСТАНЦЕВ ВЫРОСЛИ БОЛЕЕ ЧЕМ НА 8%
  • Қызылша 7,2 есеге азайды: бірақ балаларға төнген қауіп әлі де жоғары
  • Сообщение о границах участков для голосования, составе, месте нахождения, и времени работы избирате
  • Балқаш ауданы бойынша дауыс беру учаскелерінің шекаралары, сайлау комиссияларының құрамы, орналасқ
  • Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайла