Бакуде Дүниежүзілік қалалар форумына 176 елдің өкілдері жиналады

image.png

Баку қаласында Дүниежүзілік қалалар форумының (WUF13) 13-сессиясы өтеді. Іс-шараға әлемнің 176 елінен өкілдер қатысады.

 

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, форум 2026 жылғы 17–22 мамыр аралығында өтеді. Іс-шара Әзербайжан мен БҰҰ-ның елді мекендер бағдарламасы (UN-Habitat) арасындағы тығыз ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып отыр.

 

WUF13 қалалардың болашағын талқылайтын маңызды халықаралық алаңдардың бірі болмақ. Форум барысында тұрақты қала құрылысы, «ақылды қалалар» дамыту және қалалық ортаға инновациялық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

 

Сондай-ақ, форум елдер арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, урбанистика және тұрақты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОПИМ ВДОЛГУЮ: ДОЛГОСРОЧНЫЕ ТЕНГОВЫЕ ВКЛАДЫ КАЗАХСТАНЦЕВ ВЫРОСЛИ БОЛЕЕ ЧЕМ НА 8%
  • Қызылша 7,2 есеге азайды: бірақ балаларға төнген қауіп әлі де жоғары
  • Сообщение о границах участков для голосования, составе, месте нахождения, и времени работы избирате
  • Балқаш ауданы бойынша дауыс беру учаскелерінің шекаралары, сайлау комиссияларының құрамы, орналасқ
  • Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайла