Жасөспірім

ded77cf0-0540-40c9-89a0-a43bbe030c06.jpeg

Жасөспірім»

жедел-профилактикалық

іс-шарасы

 

       Жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы  әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғылмаушылықтардың алдын алу бойынша ағымдағы жылдың 28 ақпан – 02 наурыз күндері аралығында  Балқаш ауданыаумағында  «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

       Рейд барысында түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылады. Сондай–ақ бала тәрбиесіне салғырт қараған ата-аналарда жауапкершілікке тартылады.

        Балқаш ауданы полиция бөлімі ата-аналарға өз балаларына бақылауды күшейтуге, олардың қайда, кіммен жүргеніне бейжай қарамауға шақырады. Себебі, әр баланың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік.

         Балқаш АПБ ҚҚБ Ювеналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторы

полиция капитаны 

А.Б.Ибабаева


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите