ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ БІРГЕ КӨРКЕЙТЕЙІК!

331ea7f3-587a-4286-b298-59b789b19f80.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» - экологиялық акциясы елміздің барлық аймақтарында өз жалғасын тауып келеді. 

Еліміздің табиғаты мен қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында қолға алынған республикалық акция аясында ауыл көшелері, саябақтар, өзен-көлдердің жағалаулары мен   басқа да табиғи аумақтарды тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталмыш акцияға аудандық мекеме – ұйымдардың қызметкерлері, ауыл тұрғындары белсенді атсалысуда.  Әсіресе, жастардың белсенділігі ерекше байқалады.

Бұл «Таза Қазақстан» акциясы - біздің туған жерімізге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін нығайтуға көмектеседі. Экологиялық мәселелерді шешуде осындай ұжымдық әрекеттердің маңызы зор, өйткені таза орта - бәріміздің ортақ игілігіміз.  

 Аталмыш акция тек экологияны жақсарту емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға және болашақ ұрпаққа табиғатты таза күйде қалдыруға үлкен үлес қосатыны айтпаса да белгілі. Тазалық жұмыстарын атқарумен қоса ауыл көшелерін көгалдандыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызып, саябақтар мен көшелерде өсіп тұрған ағаштарды әктеп, өсімдіктердің түбін қопсытып, тұрғын үйлердің шарбақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, сырлап қойса ауыл көркі ажарланып тұрады. Осы жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы біз өңіріміздің барлық аймақтарын таза әрі көрікті ете аламыз. Аталмыш акцияның негізгі мақсаты да осы. 

«Таза Қазақстан» акциясы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам.

Сондықтанда барша аудан тұрғындары туып-өскен өлкесінің тазалығын бірге сақтап, тазаланған жерлердің қайта ластанбауына атсалысайық.

                        Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана