Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ҚР Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жү

1.JPG

    Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Конституцияны түсіндіру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспары аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет еліміздің Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Қазіргі таңда сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Конституцияның барлық новеллалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмысты одан әрі жалғастыруы қажет.

Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеп, Конституцияның тың қағидаттарын мектептер мен колледждердің және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс»,

— деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ заңнаманы талдау жүргізіп, бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

«Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, белгіленген мерзімдерде қолданыстағы заңнамаға кешенді талдау жүргізіп, барлық заңдар мен бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау қажет.

Барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана