ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

 47b2d080-7624-4e83-821c-dc6842614dbd.jpg

    1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ( КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады.
    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, КӨҰ орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құрады. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.
    Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар.
    2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасының нысаналы индикаторы болып табылады.
    Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды.
    Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде елдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОПИМ ВДОЛГУЮ: ДОЛГОСРОЧНЫЕ ТЕНГОВЫЕ ВКЛАДЫ КАЗАХСТАНЦЕВ ВЫРОСЛИ БОЛЕЕ ЧЕМ НА 8%
  • Қызылша 7,2 есеге азайды: бірақ балаларға төнген қауіп әлі де жоғары
  • Сообщение о границах участков для голосования, составе, месте нахождения, и времени работы избирате
  • Балқаш ауданы бойынша дауыс беру учаскелерінің шекаралары, сайлау комиссияларының құрамы, орналасқ
  • Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайла