“Таза Қазақстан”

vflb.png

flbyf.png

"Таза Қазақстан”экологикалық акциясы еліміздің барлық аймақтарында өз жалғасын табуда. Республикалық акцияны жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудандық мекеме-ұйымдардың қызметкерлері бір кісідей атсалысып, аудан орталығы Бақанас ауылының көшелеріне тазалық жұмыстарын жасады. Аталмыш акция аясында бастау алған сенбілікке қатысушылар  алдымен Сүндетбай болыс атындағы саябаққа жиналып, өздеріне тиесілі тапсырманы алып,  тазалық жұмыстарына кірісіп кетті. Сенбілік барысында көше бойындағы қураған шөптерді тырмалап, қоқыстарды тазалады. Қоқыс үйінділерін жүк  көліктерге тиеп, арнайы қоқыс төгуге белгіленген орындарға жөнелтілді. Осындай сенбілік алдағы апталарда өз жалғасын табады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОПИМ ВДОЛГУЮ: ДОЛГОСРОЧНЫЕ ТЕНГОВЫЕ ВКЛАДЫ КАЗАХСТАНЦЕВ ВЫРОСЛИ БОЛЕЕ ЧЕМ НА 8%
  • Қызылша 7,2 есеге азайды: бірақ балаларға төнген қауіп әлі де жоғары
  • Сообщение о границах участков для голосования, составе, месте нахождения, и времени работы избирате
  • Балқаш ауданы бойынша дауыс беру учаскелерінің шекаралары, сайлау комиссияларының құрамы, орналасқ
  • Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайла