Мақала

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің Алматы облысы депаратаментімен 2025 жылы атқарылған жұмыстар

         Алматы облысында мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы өңірде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізілгенін көрсетеді.

         Есептік кезеңдегі мәліметтерге сәйкес, Алматы облысындағы мемлекеттік органдардағы штат бірліктерінің жалпы саны 4324-ті құрайды. Оның ішінде 2532 штат бірлігі жергілікті атқарушы органдарға, ал 1792 штат бірлігі орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне тиесілі.

Кадрлық саясатта меритократия қағидаты басты назарда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ішкі конкурстар нәтижесінде бос лауазымдарға 122 мемлекеттік қызметші тағайындалды. Олардың 81-і бұрын төмен тұрған лауазымдардан жоғарылаған. Нәтижесінде Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарында меритократия үлесі 72,3 пайызды құрады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қабілетіне, тәжірибесі мен біліктілігіне қарай мансаптық өсуіне мүмкіндік беретін тиімді жүйенің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру да негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары толық көлемде орындалды. Жыл қорытындысында 966 мемлекеттік қызметші оқыту курстарынан өтіп, жоспар 101 пайызға орындалды. Сонымен қатар 259 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтіп, тәжірибелік білімін жетілдірді.

Бүгінде жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің 51 пайызын әйелдер құрайды. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінде гендерлік теңдіктің сақталып отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі де жоғары. Жалпы қызметшілердің 94,2 пайызы жоғары білімге ие. Олардың қатарында екі және одан да көп жоғары білімі бар мамандар, Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері және шетелдік жоғары оқу орындарын тәмамдаған мамандар бар.

Өңірде кадр резервін тиімді пайдалану да маңызды бағыттардың бірі. Қазіргі таңда Алматы облысының өңірлік кадр резервінде 26 азамат тіркелген. Бүгінгі күнге дейін олардың 12-сі конкурссыз мемлекеттік қызметке тағайындалды. Сонымен қатар мемлекеттік грант есебінен жоғары оқу орнын GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары аяқтаған жастарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы осындай 24 жас маман конкурссыз мемлекеттік қызметке қабылданды.

 Президенттік жастар кадр резерві жобасы аясында да өңірде кадрлық әлеуетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Алматы облысында Президенттік жастар кадр резервінің екі мүшесі басшылық лауазымдарға тағайындалған. Атап айтқанда, Әркен Хамитұлы Өтенов Алатау қаласының әкімі қызметіне тағайындалса, Даулет Куатович Калдыгужин Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып қызмет атқаруда.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау жұмыстары да тұрақты түрде жүргізілуде. 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан 952 өтініш қаралып, олардың ішінде 13 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңестің 13 отырысы өткізіліп, 172 мәселе қаралды.

Мемлекеттік органдарда заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында 26 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 656 заң бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдар толық орындалып, азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында нақты шаралар қабылданды.

Бұдан бөлек, «е-Қызмет» платформасы арқылы қашықтықтан мониторинг 43 мемлекеттік мекемеге талдау жүргізіліп 2152 заң бұзушылық орын алған. Нәтижесінде 337 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, жалпы 674 тынығу сағаттары берілді.

Бұдан басқа, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 89 бабының 1-тармағына сәйкес 9 лауазымдық тұлғаға әкімшілік жаупкершілік қолданды. Оның ішінде 3 факт жоспарлы тексеру нәтижесінде 7 факт арыз-шағым қарау нәтижесінде анықталды.

Департаментпен 2025 жылы жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша                     4 мемлекеттік қызметшіге 1,2 миллион теңге іссапар шығындары төленіп,                         3 мемлекеттік қызметшіге заңсыз төленген 44 632 теңге бюджетке қайтарылды.

23 мемлекеттік қызметшіге заңсыз төленген 1 миллионнан астам теңге бонус бюджетке қайтарылып, 2 мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысы беріліп 3 миллион теңге төленді.

Бұдан бөлек арыз қарау нәтижесі бойынша 3 мемлекеттік қызметшіге еңбек демалысы 972 мың теңге, 1 мемлекеттік қызметшіге 277 мың теңге көлемінде сыйақы төленді.

Қорытындылай келгенде 10 мемлекеттік қызметшілерге 5,5 миллион теңге төленіп, 26 мемлекеттік қызметшіге заңсыз төленген 1 миллионнан астам  теңге бюджетке қайтарылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында да оң өзгерістер байқалады. 2025 жылдың 12 айында Алматы облысында 13,7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның басым бөлігі электрондық форматта жүзеге асырылды. Бұл мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 920 өтініш түскен. Департамент тарапынан 36 бақылау іс-шарасы өткізіліп, 10 247 бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 78 әкімшілік хаттама толтырылып, 5,1 млн теңге айыппұл салынды, сондай-ақ 263 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 745 қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді, оның ішінде бір шаруа қожалығына 1,5 млн теңге субсидия төленді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бірқатар түсіндіру және оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл ішінде ақпараттық-түсіндіру кездесулері, семинарлар, тренингтер және ашық диалог алаңдарын қамтитын 70 іс-шара ұйымдастырылып, оған 6000-ға жуық азамат қатысты. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған көптеген ақпараттық материалдар жарияланды.

Жастар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бейнеролик және сурет байқаулары өткізіліп, жеңімпаздар арнайы номинациялар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы алғанда, Алматы облысында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етпек.

Н. Сейдалиев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет  істері агенттігінің

                                                         Алматы облысы бойынша депаратамент басшыс. 

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Газбен жабдықтау саласындағы жаңа талаптар қандай?
  • Уважаемые жители Балхашского района!
  • ҚҰРМЕТТІ БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
  • Уважаемые жители Балхашского района!
  • ҚҰРМЕТТІ БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!