Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

lk.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 

қабылдануына байланысты амнистия жүргізуге бастамашылық жасады. Бұл шара азаматтар мен мемлекеттің 

қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға 

қатысты қолданылады.


Ел тарихында алғаш рет әкімшілік амнистия өткізу қарастырылып отыр. Оның аясында жеке тұлғалардың орындалмаған 

әкімшілік айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесі қаралады.


Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі Әділет министрлігімен бірлесіп, амнистияны жүзеге асыру тетіктерін әзірлеуде.

 Құқық бұзушылық түрлері, амнистия қолданылатын тұлғалар санаты, айыппұлдарды есептен шығару көлемі мен

 тәртібі тиісті заң жобасын әзірлеу барысында нақтыланады.


Амнистия ең қауіпті қылмыстарды жасаған тұлғаларға қолданылмайды. Олардың қатарына террористік, экстремистік

 және сыбайлас жемқорлық қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар, 

сондай-ақ азаптау фактілері жатады. Бұдан бөлек, ол қайталама қылмыс жасағандарға және әділ соттан жалтарып 

жүрген адамдарға қолданылмайды.


Амнистия жүргізу туралы заңды парламенттік сессияның соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақша табу үшін Threads желісінде әскердегі зорлық-зомбылық туралы жалған ақпарат таратқан 23 жастағы
  • Выдумал насилие в армии ради денег: 23-летний астанчанин получил срок за пост в Threads
  • Астана готовится принять международный турнир «Игры Будущего 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kaz
  • Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирін қабылдауға
  • ИЯФ — кузница кадров для атомной отрасли Казахстана