Жаңабай Құдайбергенов атындағы мектеп ауласында референдум күні мазмұнды әрі ерекше шара өтті


Сайлау учаскесіне келген тұрғындарға арналып “Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз” атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Игі бастамаға қатысқан тұрғындар мектеп ауласына бозарша мен қарағаш көшеттерін отырғызып, туған жердің табиғатын көркейтуге өз үлестерін қосты. Жалпы саны 20 түп ағаш егілді.

Акцияның басты мақсаты – азаматтық белсенділікті арттырумен қатар, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті насихаттау. Осындай тағылымды шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.

Шара барысында “Жазерке” және “Арзу” ансамбльдері әсем әндерін шырқап, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ән мен шаттыққа толы ортада тұрғындар ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасап, бірлік пен татулықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Глава государства привел участникам саммита вдохновляющие примеры восстановления природы там, где ущ
  • Мемлекет басшысы орны толмастай көрінген апаттан кейін табиғатты қайта түлетуге қатысты жарқын мысал
  • Касым-Жомарт Токаев: «Спасение Каспия – это не просто наша ответственность, но и дело чести государс
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Каспийді сақтап қалу – замандас мемлекет қайраткерлері үшін жауапкершілік қана
  • Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Каспийском экологическом саммите