Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады

kj.pngkf.png

kf.png

Қонаев қаласында «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» тақырыбында 

жастармен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

 жалпыұлттық коалициясының мүшелері және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген 

өңірдің жас буыны қатысты.

Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумда ұсынылатын жаңа Конституция 

жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Қатысушылар жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, 

әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және жастардың ел дамуына қатысу мүмкіндіктерін 

кеңейту мәселелеріне тоқталды.

Жиынды ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жалпыұлттық коалиция мүшесі Анас Баққожаев жаңа 

Конституцияның қоғам сұранысынан туындаған құжат екенін атап өтті.

???? «Бұл реформа – қоғаммен жүргізілген кең диалогтың нәтижесі. Мыңдаған ұсыныс ескеріліп, жаңа Конституция 

жобасы ашық талқылау негізінде әзірленді. Онда мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның құқықтары 

екені нақты бекітіледі. Жастар үшін бұл – тең мүмкіндіктерге, әділ бәсекеге және заң үстемдігіне негізделген 

болашақтың кепілі», – деді Анас Баққожаев.

Өз кезегінде өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Серік Нұрқадіров жаңа Конституцияның стратегиялық 

басымдықтарына тоқталды.

«Жоба мемлекеттің даму моделін жаңғыртады. Басты назар адам капиталына – білімге, ғылымға, инновацияға 

аударылады. Жастардың сапалы білім алуы, кәсіби қалыптасуы және азаматтық бастамаларын еркін жүзеге 

асыруы конституциялық деңгейде қолдау табады. Сондай-ақ цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау нормасының 

енгізілуі – жаңа дәуір талаптарына берілген нақты жауап», – деді ол.

Сонымен қатар, коалиция мүшелері Қазыбек Дауталиев пен Сергей Горяной конституциялық реформаның қоғамдық 

келісімді нығайтудағы рөліне және азаматтардың, әсіресе жастардың белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ескерткіштер аумағы тазаланды
  • “Таза аула” акциясы өтті
  • В Казахстане пересмотрят подходы к сдаче Единого национального тестирования
  • ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам
  • 17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға