Алматы облысында күн сайын 10 мың адамға ауызашар беріледі

image.png

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, 

Қырғызстан елдерінің ғұламаларының кеңесімен биылғы жылы Рамазан айы 19 ақпанда  басталады деп  бекітілді.  

Бұл туралы Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов баспасөз мәслихатында айтты. 

Ал, Қадір түні наурыз айының 16-нан 17-не қараған түні болмақ. Күллі мұсылман наурыздың 20-ы күні алғашқы ораза

 айт мейрамын атап өтеді. 

Айлардың сұлтаны - Рамазан айында Алматы облысында бірнеше игі бастамалар жүзеге асады. Қасиетті айда өңірдің 

аз қамтылған отбасылары үшін қайырымдылық шаралары қолға алынбақ. 

«Алматы облысында қасиетті айда «Рамазан қоржыны» , «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі», «Жомарт жұма» сынды 

қайырымдылық шаралары өтеді. Бұл бастамаға өңірдің әрбір тұрғыны өз үлесін қоса алады»,-дейді Мадияр Пірімқұлов. 

Күні ертең  басталатын Рамазан айында облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде «Рамазан шатыры» құрылады. 

Мақсат- күн сайын 120 келушіге ауызашар дастарқаны жайылады. Бұл үрдіс, облыс көлемінде жалғасын тауып, 

күніне 10 мың адамға ауызашар берілмек. 

Сауабы мол айда, бірқатар мешіттерде Құран хатым оқылады.

 Айта кетейік, биыл пітір садақа мөлшері  екі келі ұнның орташа бағасымен есептеліп, 735 теңге болып белгіленді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • МВД напомнило об ответственности за ношение одежды, препятствующей распознованию лица
  • ІІМ бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді кигені үшін жауапкершілік туралы еске салды
  • Заң мен тәртіп
  • Казахстан на стыке континентов: новая стратегия взаимодействия с Европой
  • От энергетики до искусственного интеллекта: Токаев о будущем партнерства Казахстана и ЕС